Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір

Иса Қайрат Төленұлы

Басқарушы директор

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған жылы: 24.06.1983

Білімі:

  • Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (Инженер, техникалық жүйелерді автоматтандыру және басқару);
  • «Нархоз Университеті» АҚ (Экономика және бизнес бакалавры, Мемлекеттік және жергілікті басқару).

Жұмыс тәжірибесі:

  • 2003 жылдың қаңтарынан 2005 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласының №59 орта мектебінің техникалық құралдарға қызмет көрсетуші техник болып жұмыс істеді;
  • 2005 жылдың қаңтарынан 2005 жылдың қыркүйегіне дейін «ААКБ Алатау ҰКП» ЖШС инженері және «Достықмұнайбейс» ЖШС 2-разрядты жүйелік техник болып жұмыс істеді;
  • 2005 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың желтоқсанына дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-та (бұрынғы «Қазғарыш» ҰК» АҚ) түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды;
  • 2007 жылғы желтоқсаннан 2013 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді;
  • 2013 жылғы сәуір мен 2018 жылғы сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Хатшылығында қызметтер атқарды;
  • 2018 жылғы мамырдан 2019 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің инспекторы қызметін атқарды;
  • 2019 жылғы сәуірден 2023 жылғы сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Кеңсесінің құрылымдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында (бұрын «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасы» ММ) жұмыс істеді;
  • 2023 жылдың мамыр айынан бастап «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарушы директоры лауазымына тағайындалды.