СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақ...

    09.07.2019

    2019 жылдың 4-ші шілдесінде Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазақстан инжинир...

    Толығырақ...
  • 3D үлгілеу бойынша Олимпиада жеңімпаздары анықталд...

    02.07.2019

    Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Семей инжиниринг» зауытының бастамасым...

    Толығырақ...
  • «Қазақстан ижиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындары өз өнім...

    27.06.2019

    Бұл күндері Мәскеу облысында «Қазақстан ижиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындарының қатысуымен «АРМ...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

ИСТОРИЯ

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық  компаниясы» АҚ Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  тапсырмасын орындау мақсатында өз құрамына 10 машина жасау компанияларын енгізу жолымен 2003 жылы құрылған болатын.

Қазіргі уақытта Компания тобына 15 еншілес және 12 тәуелді машина жасау және әскери-өнеркәсіп саладағы кәсіпорындар бар. «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіреді, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығымен қызмет атқарады.

Компания тобының қызметінің басты бағыты – машина жасау, қорғаныс мақсатындағы өнімдеріне сервистік қызмет көрсету, инжиниринг, мұнайгаз, теміржол, агроөнеркәсіптік және отын-энергетикалық кешендерде өнімдер шығару мен қызмет көрсету.

«Қазақстан инжиринг» Ұлттық компаниясы» АҚ өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік, техникалық және әлеуетін тұрақты ұлғайта отырып, өз аймақтарындағы 6 мың адамның  еңбекке қамтылуын қамтамасыз етуде.

2013 жылы Компания өзінің 10 жылдығын атап өтті. Дұрыс стратегиялық шешімдер мен тиімді басқару есептік жылы бізге жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге және үздік қаржылық нәтижелерді көрсетуге мүмкіндік береді.          

«Cемей инжиниринг» АҚ (100%) 1976 жылдың 2 шілдесінде негізі қаланған «Бронетанк жөндеу зауыты» РМК-ның қайта құру жолымен құрылды. Бронетанктік техниканы күрделі жөндеудің толық кезеңін жүзеге асыратын Орталық Азия аймағындағы арнайы бірден-бір кәсіпорын болып табылады.

Кәсіпорында ISO 9001:2008 сапалық менеджмент жүйесі енгізілген және қызмет атқарады.

Өнімнің негізгі түрлері:

Күрделі жөндеу:

Т-72, Т-72Б, Т-62 танктері; Т-72 және Т-62 танктерінің базасында бронетанктік қару-жарақ және арнайы техникалары; жаяу әскери машинасы БМП-1, БМП-2 жаяу әскери барлау;  БТР-60, БТР-70, БТР-80 броньды транспортер; БРДМ-2 әскери барлау-десанттық машиналарын; 2С-1 «Гвоздика», 2С-3 «Акация» өздігінен жүретін артиллериялық қондырмаларын;  бронетанктік техникадағы күш беретін қондырғыларын.

Жаңғырту:

Т-72, Т-72Б, Т-62 танктерін; БМП-1, 2 жаяу әскердің ұрыс машиналары; БТР-60, 70, 80 бронетранспортерлері; БРДМ-2 әскери барлау-десанттық машиналарын; Т-72, Т-62, БМП, БТР танктерінің базасында бронетанктік қару-жарақ және арнайы техникалары.

Оқыту сыныптарын әзірлеу:

Танк командирінің динамикалық жаттығу құрылғысы; танктің механик-жүргізушісінің серпінді жаттығу құрылғысы; танк нысанашысының серпінді жаттығу құрылғысы;

Конверсиялық және әскери-инженерлік техникада әскери техниканы қайта жабдықтау:

БТР, БМП базасында авариялық-транспорттық машиналары; БТР, БРДМ базасында  көпмақсатты дөңгелекті транспортерлері; жүзетін транспорттық машиналары; БДРМ базасындағы инкассаторлық машиналары; шынжыр табан авариялық-транспорттық машиналары; шынжыр табан өрт сөндіру машиналары.

«КазИнжЭлектроникс» АҚ (100%) (бұрынғы – Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс жөніндегі Ұлттық орталығы) 1994 жылы Сарышаған полигоны мен радиотехникалық профилді ұйымының ұлттық-техникалық кешенінің базасында құрылды.

Кәсіпорыннның негізгі қызметі қару-жарақ,әскери және арнайы техниканы жаңғырту және күрделі жөндеу, радиоэлектрониканың заманауи байланыс құралдары мен бұйымдарын өндіру, компьютер жабдықтарын құрастыру болып табылады.

Өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар.

ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

Өздігінен жүретін артиллерияның отпен басқару жүйесін жаңғырту,

«ҚИ 811 Автожөндеу зауыты» АҚ (100%) 1976 жылы 1 шілдеде Ерейментау қаласында (КСРО) Түркістан және Батыс Сібір әскери округтерінің автомобильдік техникаларын күрделі және реттемелеп жөндеуді қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Кәсіпорын қызметінің басты бағыты жүк көліктері мен шынжыр табан техникаларын, қозғалтқыштар мен агрегаттарды жөндеу, сонымен қатар автомобильдік және шынжыр табан техникаларын жаңғырту мен қайта жабдықтау болып табылады.

Өз қызметінің 37 жылдан астам уақытында кәсіпорын автомобильдік, әскери және шынжыр табан техникаларын жөндеу мен қайта жабдықтау, өрт сөндірудің автоцистерналарын жасау мен өндіру саласында үлкен тәжірибе жинақтады. Зауыттың өнімдері абыройлы беделге лайықты еңбек сіңірді.

ISO 9001:2008 сапалық менеджменті жүйесі енгізілген және қызмет атқарады.

Өнімнің негізгі түрлері:

«ҚИ 832 Автожөндеу зауыты» АҚ УАЗ, ГАЗ автомобильдерінің агрегаттарын күрделі жөндеу, әскери техниканы күрделі жөндеу; ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған әскери техниканы қайта жабдықтау(100%);

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ (99.79%) – мұнайгаз, энергетикалық және теміржол жабдығы мен машина жасаудағы осы өнімдерді шығаруға қажетті барлық технологиялық шектің болуымен көпсалалы өндірістік қуаттарын орналастыратын алдыңғы қатарлы қазақстандық өндіруші болып табылады. 2011 жылы кәсіпорын алғашқы өнім шығарылуының 50-жылдық мерейтойын атап өтті.

30 жыл ішінде кәсіпорын КСРО Қорғаныс өнеркәсібі министрлігі құрамына енді және толықжинақты ракеталық кешендер мен метеорологиялық ракеталар өндірісінде мамандандырылған болатын.

Кәсіпорын құрамына жабдықтың 1339 бірлігі іске қосылған 6 өндірістік бөлімшелері болды, құрамында 80 біліктілігі жоғары мамандарынан тұратын құрылымдық-технологиялық орталығы бар. 

Мұнай өндіру саласына арналған жабдықтың 33 саласын, соның ішінде МБУ-125 мобильді бұрғылау кешені,  мұнай өндіру саласына қажетті 256 бірлігін, соның ішінде мультифазалық сепараторлар; темір жол саласына арналған жабдықтың 17 бірлігі; арнайы белгілеу техникасының 9 бірлігі жасалды және іске қосылды.

Өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар.

ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ (97.71%) 1942 жылы негізі қаланды және ТМД территориясы мен Балтық елдерінде жылу қозғалтқышты торпеданы бірден-бір өндіруші болып табылады.

Кәсіпорын өзінің қызметінің кезеңдері ішінде торпеданың 20 түрі мен су асты және су үсті кемелеріне арналған кеме гидравликасының 150- түрлерінен астам бұйымдарын игерді. Торпеда дайындаудың толық технологиялық кезеңін орналастырады: әзірленгендерді алу, бөлшектерді дайындау, жинау, тәжірибеден өткізу және дайын бұйымның сапасын бақылауға дейін.

Кәсіпорынның сонымен қатар тәжірибелі  мамандардың шығарылатын өнімнің сапасына ғылыми-зерттеу, құрылымдық жұмыстары, метрологиялық сараптама, зертханалық бақылау және сапалық талдау жұмыстарын орындайтын құрылымдаулық бюросы (ҚБ), бас технолог бөлімі (БТБ) және зертханалық-талдау орталығы (ЗТО) бар.

Өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар.

ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ  (99.6%) 1928 жылы Мәскеу қаласында радиоаппаратура өндірісі мамандығымен құрылған.

Қазақстан жерінде 2011 жылдың қараша айында өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Кәсіпорынның негізгі қызметі жобалау мен өндіру; монтаждау, іске қосу-реттеу жұмыстары, сервистік қызмет көрсету мен ҚР ҚО қажеттіліктеріне арналған байланыс құралдарын; темір жол автоматикасын, телемеханикасын, қауіпсіздік жүйесін; темір жол транспортын, мұнай газ кешенін, сандық теледидар мен арнайы құралдарға арналған техникалық заттарды жөндеу болып табылады.

Өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар.

ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

«Семей машина жасау зауыты» АҚ (99.4%) машина жасау өндірісінің толық кезеңіне ие және 1969 жылдан бері жоғары өтімділікті шынжыр табан техникасының өндірісінде мамандандырылған.

Қазіргі уақытта МАЗ тіркеме техникасын жөндеу бойынша қазақстандық алғашқы кәсіпорын, сонымен қатар темір жол транспортының толымдаушы жылжымалы құрамын өндіруші болып табылады.

2012 жылдан бастап Мемлекеттік лицензия негізінде қару-жарақ және әскери техникаларды жасау, өндіру мен жаңғырту бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қатысады.

Зауыттың өндірістік қуаты жалпы машина жасау өнімдерін, автотракторлық техникаға қосалқы бөлшектерін шығаруға, күрделіліктің кез-келген санатындағы металдар, коммуналдық (қар тазалау) техникаларын, блок-контейнерлерге, тұрғын-вагон конструкциясына бағытталған.

СТ РК ИСО 9001:2009 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

«Тыныс» АҚ (99.17%)ертеректен оттекті-тыныс алу аппаратураларының зауыты ретінде танымал, 1959 жылы негізі қаланған. Алғашқы уақыттары Мәскеу қ., «Ғылым» Агрегаттық зуытының құрылымдық бюросымен (ҚБ), Томилино қ., «Звезда» машина жасау ҚБ, Мәскеу қ., А. И. Микоян атындағы машина жасау ҚБ әзірлеген авиация бұйымдарының 45 атауын шығару бойынша бірден-бір кәсіпорын (калька ұстаушы) болып табылады.

2005 жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Сапа саласында жеткен жетістіктері үшін» сыйлығына лайықты деп танылды. Кәсіпорынның өнімдерін тарату саясаты өткізудің ішкі, сонымен қатар сыртқы нарығына бағытталған.

Өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар.

ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

«Омега» аспап жасау зауыты» АҚ (98.6%) 1972 жылы негізі қаланды және КСРО кеме жасау министрліг құрамына кірді, кеме механизмдерін басқару жүйелері мен кешендерін, корабль ішілік байланыс аппаратураларын, кемелік аспап жасаудың нақты механикасының бұйымдарын өндіру саласында мамандандырылды.

Қызметінің негізгі түрлері – аспап жасау, машина жасау.

Өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар.

ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

Халықтық тұтыну тауарлары мен басқа қызметтер:

Пошта жәшіктері, кепілхаттық бөлшектер, ернемектер, тығындар, пластиналар, нығайтқыштар, мемориалды плиталар және басқалары (тапсырыс берушілер тапсырысы бойынша); резеңкелі-техникалық бұйымдар жабдықты механикалық өңдеу мен жөндеу бойынша қызмет көрсетулер.

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ (95.35%) – 1941 жылы эвакуацияланған Ленинградтық «Двигатель» зауытының базасында құрылған. Соғыс уақытында зауыт арнайы әскери-теңіз қару-жарағын шығарды және жеңіске қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан кәсіпорындарының арасынан тек өзі Отан соғысыны І дәрежелі Орденімен марапатталды.

Қазіргі уақыттары «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ құрамындағы «Орал «Зенит» зауыты» АҚ Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорнының құрылымына кіреді.

1993 жылдан бастап кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері Қазақстанда өнеркәсіптің жаңа саласы – кеме жасауының пайда болу бастамасына қызмет еткен катерлер мен кемелер жасау болып табылады. Осы уақттар ішінде 240 тоннаға дейін су ығыстырғыш катерлер мен кемелердің сериялық өндірісін игерді. ҚР ҰҚК ШҚ үшін 20 бірлік жасалды - 100М «Сұңқар-М» жобасының 4 катері, 0200М «Бүркіт-М» жобасының 7 катері, 0300 «Барс» жобасының 4 катері, FC19 жобасының 4 шапшаң жүретін патрульдік катері, 0210 «Айбар» жобасындағы шапшаң жүретін патрульдік катерінің басты нұсқасы, 2 жағалау жөндегіш шеберханасы. 0300 «Барс» жобасындағы, зауыттық №5 кемесі дайындалу үстінде.

Суға ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-теңіз күштеріне арналған 250 «Барс-МО» («Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа») жобаларының 3 ракеталы-артиллериялық кемесі жіберілді.

Модульдік орындалымдағы өміршеңдік үшін күрес бойынша экипаж жаттығуына арналған оқыту-жаттығу стансасының (ӨК ОЖС) өндірісі игерілді.

Болашақта құрғақ салмағы 600 тоннаға дейін арнайыландырылған теңіз кемелерінің өндірісін игеру жоспарлануда (көпатқарымды кеме қамтамасыз етілімі, суда жүзетін зертханалар, ұсақ шөкпелі тіркемелер, вахталық аусымды жеткізу кемесі, іздестіру-құтқару және өрт сөндіру кемесі).

Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар,

ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

«Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ (90%) Орал қаласында 1972 жылы «Гидроприбор» Ленинград Орталық Ғылыми-зерттеу институтының (ОҒЗИ) Орал филиалы ретінде К.Е.Ворошилов атындағы машина жасау зауыты АҚБ базасында құрылған болатын.

Қазіргі уақытта институт қызметінің негізгі бағыты 70 тоннаға дейін су ығыстыруының арнайы тағайындалымындағы теңіз және өзендегі  қызметтік-өткелдік катерлер мен кемелерін жобалау, салу, жөндеу және сервистік қызмет көрсету болып табылады. Қызмет ету кезеңінің ішінде әр түрлі тағайындалымдағы 30 катерлер мен жүзу заттары жобаланып жасалды. Сонымен қатар қызметінің басым бағыты мобильді жұмыс техникасының кешені болып табылады. Су асты тіркеуінің адамның тікелей басқаруынсыз іздеу аппараттары, теңіз миналарын іздеу мен жоюдың су асты аппараттары, авариялық-құтқару жұмыстарын өткізуге арналған жұмыс аппараттары жасалды.

Барокамерада ауа-оттектік рекомпрессия өткізуге арналған мобильді сүңгуір кешенін өндіру, сүңгуір жасағының әр алуан типтерін қолданумен сүңгуір түсірілімі жаттығуларын өткізу игерілді.

Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамсыздандыруға арналған  қалтқы және белгі өндірісі игерілді.

Осы жұмыстарды орындау үшін, барлық қажетті лицензиялар, сәйкестік туралы куәліктер мен серификаттар бар.

ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сай келетін сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

«Мұнаймаш» АҚ (52.04%) 1941 жылдың қараша айында Петропавловск қаласында эвакуацияланған «Красный гидропресс» Таганрог зауытының базасында құрылды.

Кәсіпорын мұнай газ кешенінің өнімдерін шығаруға арнайыландырылған. Өнім түпнұсқа технологиясымен өндіріледі және жоғары дәлдікке, агрессивті сұйықтық пен көтеріңкі тозуға төзімділікті газды ортада коррозияға қарсы тұрақтылыққа ие. Пайдалану –техникалық сипаттамалары бойынша  сорғылар әлемдік таңдаулы үлгілер деңгейінде тұр. Өндіруге арналған өнім ұқсас бұйымдарды пайдалану үдерісінде туындаған мұнай шығару кәсіпорындарының есебімен жасалады және тапсырыс берушінің талабы есебімен аяқтау мүмкіндігін жасайды.

2012 жылдың соңында кәсіпорында кең масштабты жаңғырту аяқталды, «Накамура Томи» (Жапония) өндірісінің металл өңдейтін жаңа жабдығы енгізілді және әлемдік ең жоғарғы стандарттарға сай келетін жобалау және өндіріс басқармасының толассыз автоматты жүйесі құрылды.

Өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар.

ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

Мұнай кәсіпшілігінің құралы:

КТ, КТГУ-М, КШ кілттері және оларға құрғақ шлам, қуыс қарнақ.

Ұңғымалардың техникалық жабдықтары: ГҚЗ (газ құм зәкір), ҚҚК (құбыр қағының камерасы), АТҚ (автоматты тіркеу құрылғысы), жуу клапаны, механикалық пакерлер, сорғыш және баспа пакерлері, жуу клапаны, қысқартылған қарнақ, клапанды жұп.

«ЗИКСТО» АҚ  (39.4%) 1994 жылы Мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасының аясында «В.В. Куйбышев атындағы машина жасау зауыты» мемлекеттік кәсіпорнының акционерлік қоғамға өзгеруі жолымен құрылған болатын. Кәсіпорын Петропавловск қаласында – ірі темір жол торабында орналасқан. Оңтүстік Орал және Қазақ темір жолдары, ірі автомагистральдар қаланы Қазақстан Республикасының орталық және оңтүстік облыстарымен, Ресей Федерациясының Орал және Батыс-Сібір аймақтарымен байланыстырады, бұл кәсіпорынды шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етуде, сонымен қатар дайын өнімді жөнелтуде оңтайлы мүмкіндіктерге жол ашады.

Өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар.

ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

Темір жол кешені:

      •    12-9796 жартылай вагондық үлгілер, 19-9809 үлгісінің жанғыш шекемтас пен

            агломератын тасымалдауға арналған вагон-хопперлер, 19-9871 үлгідегі астық

            тасуға арналған жаппалы вагон-хопперлер, 13-9852 үлгісіндегі ірі тонналық

            контейнерлерді тасымалдауға арналған вагон-платформалар.

     •     РФ, ҚР ҚМ арнайы тапсырыстары:

     •     Әр алуан түрленімдегі миналар, теңіз қаруын сақтау мен тасымалдауға арналған

            контейнерлер, дала жағдайларында техникалық қызмет көрсетулер мен 

            автомобильдік техникаларды жөндеуге арналған  МТОР-АТ (АТҚК-АЖ )

            жылжымалы шеберханасы.

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен:

    •      КН 2 аспалы шөп шабу, КР 2 ротациялық шөп шабу, қопсытқыштар,

           сыдыражыртқыштар.

Халықтық тұтыну тауарлары.

«Камаз-Инжиниринг» АҚ  (24%) 2005 жылдың 31 мамырында құрылды. Кәсіпорынның бірлескен мердігерлері «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ және «КАМАЗ» ЖАҚ болып отыр. 

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ - КАМАЗ автомобильдерінің базасында жүк автомашиналары мен арнайы техникаларды жинау бойынша Қазақстандағы алғашқы зауыт. Қазақстан Республикасында жүк автомашиналарын өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Зауыттың құрылған уақытынан бастап ел экономикасының көптеген салаларында, соның ішінде әлеуетті құрылым, ТМЖ, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы мен т.б. өзінің қолданысын тауып отырған сегіз мыңнан астам автомобильдер мен КАМАЗ шассиінің арнайы техникаларын өндірген болатын. Қазіргі уақыттары зауыттың үлгілік қатары арнайы және қос тағайындалымдағы техникалардың  шамамен 30 түрі есептелді.  Өндірісті ұйымдастыруға арналған қажетті лицензиялар мен сертификаттарының барлығы бар. ISO 9001:2008 сапалық менеджментінің жүйесі енгізілген және қызмет атқарып келеді.

«№ 406 ГА авиажөндеу зауыты» АҚ  - әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету мен күрделі жөндеу; авиациялық қозғалтқыштарды күрделі жөндеу; әуе кемелері мен қозғалтқыштардың агрегаттарын, аспаптарын және басқа да жабдықтарын жөндеу; ұшақтар мен тікұшақтарды әр түрлі көтеріңкі жайлылығының нұсқаларына қайта жабдықтау; қосымша жабдық орнату және заманауи жабдыққа алмастыру (3.99%);

«№ 405 ГА авиажөндеу зауыты» АҚ  - авиациялық техника мен оның агрегаттарына техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің барлық түрлерін орындау, ақауланған авациялық техниканы қайта қалпына келтіру; авиациялық техниканы жөндеу немесе қайта қалпына келтірілгеннен кейін сынақтау (2.6%);

«Қазақстан инжиниринг» ҒЗИ» ЖШС   2010 жылы 12 қаңтарда жарғылық капиталда «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның 100% қатысуымен негізі қаланды.

«Қазақстан инжиниринг» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметінің негізгі мақсаты ҚӨК кәсіпорындарында Қорғаныс Күштері, ҚР басқа әскери  және әскерлік құрылымдардың талап еткен қару-жарақтары мен әскери техникасының жаңа түрлерін жаңғырту мен игеруді қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі міндеттері ҚӨК, жаңғыртуды ұйымдастыру мен арнайы өнімдердің жаңа түрлерін жаңа технологияны қолдана отырып игерудегі ғылыми құрастыруды дамыту болып табылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҒЗИ» ЖШС «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қорғаныс кәсіпорындарының (екі ғылыми-зерттеу, бір сынақтық-конструкторлық, бес жөндеу және сегіз машина жасау кәсіпорындары), сонымен қатар қару-жарақ және әскери техниканы дамытудың нақты жобалары бойынша кооперация құратын шет елдің қорғаныс кәсіпорындарының өндірістік базасын қолданады.

«Қазақстан инжиниринг» ҒЗИ» ЖШС  ғылыми потенциалы:

Қарулы күштер мен қару жарақ және әскери техникалар: бронетанктік, ракеталық-артиллериялық, авиациялық, әскери-теңіз, арнайы әскер, радиотехникалық қару-жарақ пен ӘБАЖ пайдаланудағы көпжылдық (25 жылдан астам) тәжірибелері бар әскери техникалық зерттеу басқармасының қызметкерлер:

Әскери-оқыту ғимараттарының ғылыми потенциалы, сонымен қатар ҒЗЖ өткізуге арналған авторлық ұжым құрамына шақырылған техникалық саладағы Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің танымал ғалымдары;

Қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың нақты жобалары бойынша жекешелендіру құратын Қазақстан мен шет елдердің қорғаныс кәсіпорындарының инженерлік-техникалық және құрылымдаушы кадрлары;

Өнімнің негізгі түрлері:

«Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС (50%) 2010 жылдың желтоқсан айында құрылды.

Тепе-теңдік негізде бірлескен кәсіпорын құрылтайшылары «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ және Airbus Group - «Airbus Helicopters концернінің еншілес компаниясы болып табылады.

Зауыттың ЕС 145 тікұшақтарды жинау мен қызмет көрсетулері бойынша мекенжайы – Астана қаласының халықаралық әуежай ауданы.

Зауыт механикалық тораптарға қызмет ету, жалпақ металл бұйымдарын жөндеу, электр жабдығы мен борттық радиоэлектрониканы жөндеу, композиттік материалдар мен қалақтардан бұйымдар жөндеу бойынша шеберханалармен, қозғалтқыштарды жөндеу шеберханасымен, гидравликалық жабдықпен, техникалық қызмет көрсету мен сырлау бойынша жұмыстар жүргізуге арналған орындармен, автономды қазандық, қоймалық орындармен жарақталған.

Өндірімділігі - жылына 10-12 тікұшақ.

Өнімнің негізгі түрлері:

«Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС (50%) 2011 жылдың 18 сәуірінде құрылды.

Бірлескен кәсіпорынның құрылтайшылары «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (50%), ASELSAN түрік компаниясы (49%) мен Түркия қорғаныс өнеркәсібі комитеті (1%) болып табылады.

Бірлескен кәсіпорынның қызметі жоғары технология жетістігіне негізделген электрондық-оптикалық аспаптар (түнгі және күндізгі көру аспаптары, жылуға ден қойғыш, оптикалық нысана және т.б.) жасау. Сонымен қатар кәсіпорынмен техникалық қолдау, техникалық қызмет, персоналдарды оқыту және ҒЗТКӘ жүзеге асырылады.

Авиация, қоршаған орта, кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықтың ISO 9001:2008,ISO14001,AGAP-160, AGAP-2110, OHSAS 18001, AS9100 менеджмент және сапа жүйесі енгізіліп, ген және қызмет атқарып келеді.

Өнімнің негізгі түрлері:

«Индра Қазақстан инжиниринг»  ЖШС (49%) 2011 жылы 28 маусымда құрылды.

Бірлескен кәсіпорын құрылтайшылары «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «lndra Sistemas S.A.» испандық компаниясы болып табылады (51%).

Қызметінің негізгі түрлері – радиолокация станцияларын, радиоэлектронды күрес және радиолокациялық барлау мен басқа әскери тағайындалымдағы электронды жабдықтар жүйесін өндіру, соңғы жинау және постгарантиялық техникалық қызмет көрсету.

Бірлескен кәсіпорындар аясында «lndra Sistemas, S.A.» компаниясының интеллектуалды иелігі мен техникалық көмегін пайдалануға технологиялық лицензия базасында радиолокациялық стансаларда өндіріс пен техникалық қызмет көрсету технологиясы және радиоэлектрондық күрес пен барлау жүйесін қазақстандық тарапқа кезеңдік беріліс, инновациялық жобалар, енгізу, жоғары мамандандырылған мамандар, жаңа жұмыс орнын құру қарастырылады.

Өнімнің негізгі түрлері:

      •    «CICADA-R» радиоэлектронды барлау мен басу жүйесі;

      •    «LANZA - MMR» мобильді үш кординатты радиолокациялық стансалары;

      •    «CICADA-R» және «Lanza-MMR» РЛС радиоэлектронды барлау мен басу жүйесін

             техникалық қызмет көрсету;

      •    Қазақстан Рес публикасының Әскери-теңіз күшінің қажеттілігіне арналған Каспий

            теңізінің қазақстандық секторында теңіздік бақылау мен байланыстың кешенді

            жүйесін құру.

«Қазақстан инжиниринг Дистрибьюшн» ЖШС (49%) – қорғаныс, қос және азаматтық тағайындалымдағы өнімді өндіру, тарату және жою, қос тағайындалымдағы қару-жарақ пен әскери техниканы, өнімдерді импортқа шығару; айырбасталымдық бағдарлама мен қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру; мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындауға қатысу; құру бойынша жоспарлар мен тапсырмаларды құрастыруға және жүзеге асыруға, мобильдендіру қуаты мен қорларын жинау мен сақтауға қатынасу.