СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қасым-Жомарт Тоқаев С.М. Киров атындағы зауытқа ба...

    17.09.2019 20:00:00

    Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерімен танысып, көпқабатты баспа тақтасын шығаратын жән...

    Толығырақ...
  • САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    17.09.2019 11:25:00

    «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) Мемлек...

    Толығырақ...
  • Қазақстандағы машина жасау: 2000 жылдан бері өндір...

    17.09.2019 10:56:00

    Машина жасау — еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының басым саласы....

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

МИССИЯ, ВИДЕНИЕ И ПРИОРИТЕТЫ КОМПАНИИ

mission.jpg

Компанияның миссиясы Компанияның тобына кіретін ұйымдардың активтерін тиімді басқару және ұзақ мерзімді құнын ұлғайту арқылы машина жасауды дамытуда мемлекеттің стратегиялық мүдделерін іске асырудан тұрады.

Компанияның пайымы:

2022 жылға қарай Компания қорғаныс өнеркәсібі кешенін қоса алғанда, экономиканың барлық салалары үшін бәсекеге қабілетті машина жасау өнімін өндіретін бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын біріктіретін тиімді машина жасау холдингі, Қазақстанның инжиниринг қызметі нарығының көшбасшысы, сондай-ақ жоғары технологиялар саласындағы құзыретті орталық және өз мамандануы секторларындағы жалпыға танылған сарапшы ретінде танылатын болады.

Стратегиялық мақсаты:

Нысаналы жағдайға қол жеткізу үшін және миссияны орындау мақсатында Компания өзінің басты стратегиялық мақсаты етіп «Еңбек өнімділігі» көрсеткіші бойынша ең тиімді машина жасау корпорациясы ретінде ТОП-50-ге кіруді қояды.

Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері:

Компания өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу миссиясын жүзеге асыру үшін мынадай негізгі стратегиялық бағыттар бойынша әрекет етуі тиіс:

  1. Тиімді және бәсекеге қабілетті холдинг құру;

  2. Ұлттық экономиканы әртараптандыру және жаңғырту мақсатында машина жасау және инжиниринг салаларын дамытуға жәрдемдесу;

  3. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету.