Күте тұрыңыз

Ізденушіге

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның әкімшілік лауазымдық бос орындарына үміткерлер үшін байланыс ақпараты

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (бұдан әрі - Компания) Компания Басқармасының 2014 жылдың 25 желтоқсанындағы №71/14 шешімімен  бекітілген әкімшілік лауазымға байқаулық іріктеудің Ережесіне сәйкес, байқаулық негізде әкімшілік лауазымдарға мамандарды жұмысқа орналастыру жүргізілуде.
 
Байқаулық іріктеу туралы хабарландыру Компанияның www. ke. кz сайтында орналастырылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық аймағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.
 
Әкімшілік лауазымдық орынды алу үшін, байқауға хабарландыруда көрсетілген лауазымдардың біліктілік талаптарына сәйкес келетін, мынадай тұлғалардан бөлек:
 
  • заңдық күшіне енген сот шешімімен қолынан іс келмейтін немесе қолынан іс келгенімен шектеулі деп танылғандар; 
  • заңдық күшіне енген сот үкімімен осы қызметпен айналысуға немесе осы лауазымға отыру құқынан айырылғандар;
  • мемлекеттік қызметтен босатылғандар, егер мемлекеттік қызметті тоқтатар алдындағы соңғы жылға олар өзінің лауазымдық құзыретінде тікелей Компания қызметінің тексеру үлгісінде бақылау жүргізген болса немесе Компания қызметі тікелей осы тұлғаларға байланысты болса, олардың құзыреттілігіне сәйкес (мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде шектеудің күші бар);
  • бұрын жемқорлық қылмыс жасағандар;
  • заңнамалық тәртіпте белгіленген өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы;
  • қажеттілігі болған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқтардан өзге, барлық тілек білдірушілер қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін үміткер түйіндемесін береді (қосымша 1),  (cover-letter) дәлелді хат және/немесе (соңғы екі жұмыс орнынан) ұсыным хат. Құжаттар қолдан қабылдануы мүмкін пошталық (010000, Астана қ-сы, Қонаев көшесі 10), электрондық  (ke@ke.kz, ad@ke.kz, «кадрлар бөлімі үшін» ескертпесімен), факсимильді және өзгеде байланыспен (егер өзгесі хабарландыруда көрсетілмесе). Үміткер өзі туралы (білімі, жұмыс өтілі, біліктілік деңгейі, іскерлік беделі және т.б.) қосымша ақпарат бере алады.
 
Байқауға қатысушылардан  құжаттарды қабылдау, байқау туралы хабарландыру орналастырылған сәттен 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. 
 
Байқаулық іріктеудің келесі кезеңінде үміткерлерді қосымша зерттеу жүзеге асырылады: үміткерлермен берілген құжаттардың талдауы және ұсынылған лауазымдардың біліктілік талаптарына  ізденушілердің сәйкестігін анықтау. Алайда, Компанияның байқау жарияланған бос лауазымдық орыны бар құрылымдық бөлімшелеріне үміткерлерді, үміткермен сұхбаттасу түрінде қосымша зерттеу ұйымдастырылуы мүмкін, оларға эссе дайындау, берілген тапсырмаға аналитикалық анықтама  және т.б.  Оң баға алған жағдайда үміткер тестілеу кезеңіне өтеді, өткендігі жайлы ол, жауапты бөлімше қызметкерінен электронды пошта бойынша  хабардар болады. Үміткер тестілеу өтетін күні мен сағатын 1(бір) жұмыс күні ішінде растайды.
 
Тестілеу екі кезеңмен өткізіледі (кәсіби білімінің бағасы; қабілетінің бағасы) лауазымдық тестілеуге рұқсат етілгені туралы үміткерді хабарландырған уақыттан 5 (бес) жұмыс күні ішінде, бірақ байқау туралы хабарландыру орналастырылған сәттен күнтізбелік 30 (отыз) күн шегінде.
Оған қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, нақты лауазым үшін кәсіби білімін және қабілетін тестілеу рәсімі, арнайы бағдарлама және тестілік сұрақтарды қолдану арқылы өткізіледі.
Кәсіби білімін бағалаудың бастама маңызы жалпы сұрақтар санынан 70% дұрыс жауапты құрайды. тестілеу нәтижесі бойынша бастама маңызынан төмен емес баға алған үміткер, байқаудың келесі кезеңіне - сұхбаттасуға жіберіледі.
 
Тестілеудің екінші кезеңі (қабілеттілік бағасы) on-line режимінде қиындығы бойынша саралап жіктелген негізде тестілеу сұрақтарының лауазымдық жағдайларына байланысты өткізіледі. Бағалау нәтижесі бойынша бағдарлама 6 (алты) ай ішінде жарамды қорытынды нәтижесін береді.
Тестілеудің қорытынды кезеңі есептілік түрінде,  кәсіби білімін және қабілетін тестілеу нәтижесінің  қоса берілуімен рәсімделеді.
Байқаулық комиссия,  өткен үміткерлермен сұхбаттасу өткізеді    және олардың біліктілігі және кәсіби сапасы, ұсынылған талаптарға үміткердің сай болуы немесе сай еместігі туралы тестілеудің нәтижесіне хаттамалық шешім қабылдайды.
 
Байқаулық іріктеу нәтижесі туралы оған қатысқан барлық үміткерлер хат арқылы құлақтанатын болады, соның ішінде электрондық пошта бойынша.
Жұмысқа қабылдау туралы оң шешім болған жағдайда, одан арғы рәсімдеу әкімшілік лауазымға үміткерді қабылдау/ауыстыру Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес және Компанияның ішкі құжаттарымен жүзеге асырылады.
Әкімшілік лауазымға іріктеуден өтпеген тұлғалар келесі байқаулық рәсімдерге қатыса алады.