Құрылымы

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ республикамыздың ірі әскери кәсіпорындарында бірыңғай қаржылық, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз ететін (24 өндірістік кәсіпорын кіретін) холдингтік құрылым болып табылады. Компанияның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. Компанияның қызмет көрсету түрі:

  • ҚР әлеуетті ведомстволары мен экспортына арналған арнайы белгілеудегі өнімдері мен қызметтерінің өндірісі;
  • Мұнай кешеніне арналған жабдықтар өндірісі;
  • Темір жол кешеніне арналған жабдықтар өндірісі;
  • Ауылшаруашылығы машиналарын жасау;
  • Радиоэлектроника.