СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қазақстанда «Барыс» 8x8 броньды транспортерінің за...

    17.11.2017

    Отандық «Қазақстан  Парамаунт инжиниринг» кәсіпорны 8x8 доңғалақ формуласымен «Б...

    Толығырақ...
  • Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасын қабылдады...

    14.11.2017

    Кездесуде Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы 10 айда атқарға...

    Толығырақ...
  • Қазақстан, Ресей және БАӘ ғарыш саласындағы бірлес...

    13.11.2017

    12 қарашада Дубайда (БАӘ) «Dubai Air Show – 2017» XV Халықаралық әуеғарыш көрмесі аясында ...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

А.Мамин провел встречу с министром обороны Сербии

А.Мамин Сербияның қорғаныс министрімен кездесті

Встреча.jpg

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Сербияның қорғаныс министрімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға әзір екенін растады.

Асқар Мамин «Сіздің ресми сапарыңыз Қазақстан-Сербия екіжақты қарым-қатынасының дамуына қосымша серпін береді» деп мәлімдей отырып, серіктестікті тереңдете түсу үшін барлық мүмкіндіктердің барын айтты.

Өз кезегінде Сербияның қорғаныс министрі Қазақстанға келген сапарының нәтижелі екенін атап өтті. Сапар барысында әскери-техникалық салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың нақты келісімдеріне қол жеткізілді.

Александр Вулиннің басшылығымен Астанаға келген Сербияның қорғаныс министрлігінің делегациясы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің нысандарын аралады.

https://primeminister.kz/kz

05.09.2017