СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Ғарышқа қазақстандық жол: нақты істер және перспек...

    22.09.2017

    Халықаралық форумның мақсаты экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ғарыштық қызмет н...

    Толығырақ...
  • Қорғаныстық машина жасау бағыты бойынша секциялық ...

    20.09.2017

    2017 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының «Қазақстанның жа...

    Толығырақ...
  • Мемлекет басшысы қазақстандық компаниялардың көрм...

    16.09.2017

    Қазақстан Президенті мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге «Өзбекстан-Қазақс...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

«ЕСКЕ» расширяет экспорт услуг по техническому обслуживанию ЕС145

«ЕКҚИ» ЕС145-ке техникалық қызметтерін көрсетуді кеңейтеді

ЕС145

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС EС145 тікұшақтарына техникалық қызмет көрсету бойынша экспорттық қызмет көрсетулерді ұлғайтуда.

Қазақстандық зауытқа 8-жылдық инспекцияны орындау үшін Моңғолиядан әуе борты келді. Бұл осы елден екінші тікұшақ, өткен жылы кәсіпорын EС145 ұқсас 6-жылдық инспекцияны (ірі формасы) сәтті жүргізді. 

Инженер

«2016 жылдан бастап ЕКҚИ экспортқа шықты және біздің қызметкерлер Астанадағы зауыт аумағында және тапсырыс берушілердің шақырған жеріне шығып тікұшақтарға белсенді қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні тікұшақтарға қызмет көрсетудің қомақты бөлігі және ұшу-техникалық құрамын оқытуды экспорт құрайды» - деп, түсіндірді «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС авиациялық оқу орталығының бастығы Мадияр Қаражанов.

Ағымдағы жылы 6-жылдық инспекциядан өту үшін Якутиядан әуе борты (ұшу 5 күнге созылды) ұшып келді. Онда жұмысты сәтті аяқтағаннан кейін, кәсіпорын мамандары тапсырыс берушінің базасы тұрған жерге қосымша техникалық қолдау көрсету үшін шақырылған болатын.

ЕС145

Зауыт жанынан тікұшақтардың ұшу жарамдылығын сақтау, сондай-ақ жөндеу және техникалық қолдау көрсету бойынша білікті қызметтерді көрсету үшін сервистік орталық құрылды. Орталық жоғары технологиялық жабдықтарды ұсынады, кәсіпорынның қоймасында қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Сертификатталған мамандармен жүзеге асырылатын жылдам қызмет көрсету, өнімділіктің және қауіпсіздіктің, сапаның жоғары деңгейіне кепілдік береді.

«Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-нің төмендегідей  сертификаттары бар: Қазақстан Республикасының, Моңғолияның, Ресейдің азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті органдарымен берілген авиациялық техникаға қызмет көрсету және жөндеу бойынша ұйымның сертификаты, «Airbus Helicopters» сапа аудитін өту сертификаты.

Анықтама үшін:

«Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС ТМД аумағында EС145 тікұшақтарын құрастыру және қызмет көрсететін жалғыз зауыт болып табылады. Жоба тепе-тең негізде жүзеге асырылады: қатысу үлесінің 50% «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және 50% «Airbus Helicopters» концерніне тиесілі. 

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі


08.09.2017