СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • С.М. КИРОВ АТЫНДАҒЫ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ 75 -ЖЫЛДЫҚ...

    13.10.2017

    Жақында М.Ю. Лермонтов  атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «С.М. К...

    Толығырақ...
  • ҚИ 811 автожөндеу зауыты Қарулы күштері үшін ЖБ-КТ...

    12.10.2017

    «Қазақстан инжиниринг 811 автожөндеу зауыты» АҚ ағымдағы жылы Қазақстан әскерінің қаруланд...

    Толығырақ...
  • О.Нұрбаев «KAE» ЖШС Бақылаулық кеңесінің Төрағасы ...

    09.10.2017

    «KAE» ЖШС қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілді....

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Президент РК посетил выставку казахстанских компаний в Ташкенте

Мемлекет басшысы қазақстандық компаниялардың көрмесін аралап көрді

Промышленная выставка в Узбекистане

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапары аясында Шавкат Мирзиёевпен бірге «Өзбекстан-Қазақстан: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі» атты өнеркәсіп көрмесін аралап көрді. Онда мемлекеттер басшылары қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерімен танысты.

Көрмеде әскери-техника, авиация, фармацевтика, тоқыма өндірісі, құрылыс, сондай-ақ машина жасау, автомобиль құрастыру және ІТ салаларындағы қазақстандық 50-ден астам ірі компаниялардың экспортқа арналған өнімдері қойылған.

Көрменің негізгі мақсаты – екі мемлекеттің компаниялары арасында орнықты байланыстар орнатуға көмектесіп, бірлескен сауда және инвестициялық жаңа жобаларды іске асыруға қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
16.09.2017