СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • жаңғыртылған инженерлік техниканың әскери сынақтар...

    26.07.2018

    «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ-да жаңғыртылған инженерлік техника үлгіл...

    Толығырақ...
  • ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін...

    23.07.2018

    «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының өкілдері  демалыс күндері «Алау» мұз сара...

    Толығырақ...
  • ҚР ҚАӨМ Қоғамдық кеңесінің жаңа мүшелері сайланды...

    17.07.2018

    ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде(ҚР ҚАӨМ) Министр Бейбіт Атамқұловтың ...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

В МОАП РК наградили лучших работников

ҚР ҚАӨМ ең үздік қызметкерлерді марапаттады

Торжественное собрание

Ү.ж. 15 желтоқсанда ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынға ҚР ҚАӨМ, оның қарамағындағы ұйымдар қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.

Жиынды ашқан ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов басты ұлттық мереке - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күнінің ерекше мәртебесін атап, еліміздің 26 жыл ішінде жеткен жетістіктері туралы баяндап берді.

Мерекелік іс-шара барысында Министрліктің және оның қарамағындағы ұйымдардың үздік қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының құрамына кіретін «Семей инжиниринг» АҚ-ның 5-ші дәрежелі қолмен дәнекерлеудің электро дәнекерлеушісі Құлдықов Тұрғанбек Тұрғанбекұлы және «Қазақстан инжиниринг» компаниясының Петропавл ауыр машина құрастыру зауыты құрастыру цехтың электро орнатушы-құрастырушысы  Павлова Людмила Семёновна марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен ҚР ҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» кәсіпорны «Высота» филиалының № 1 технологиялық бөлімінің бастығы Құлмағамбетова Ардагүл,  Микрография ҒЗИ №4 бөлімінің бұйымдарға қатысты құжаттарды есептеу, іздестіру және жинақтау тобының басшысы Нестерова Татьяна, ҚР ҚАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Абдіқалыков Руслан, «Қазақстан инжиниринг» компаниясы «Тыныс» зауытының №1 цехтың құюшысы Удов Федор марапатталды.

Қорғаныс және аэроғарыш салаларының дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталармен, ҚР Қауіпсіздік Кеңес Хатшысының алғыс хаттармен, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Мінсіз қызметі үшін» медальдармен және ҚР ҚАӨМ Құрмет грамоталармен марапатталған.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметке алғаш келген Министрліктің жаңа мамандары мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.

Бірқатар қызметкерлер «Нұр Отан» партиясының қатарына кірген.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі




15.12.2017