СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қуаныш Бишімов «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқа...

    14.06.2019 17:44:00

    «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қуаныш Ердәул...

    Толығырақ...
  • Бітімгерлік технологияларындағы әріптестік жөнінде...

    30.05.2019 16:11:00

    "Made in Kazakhstan" лейблімен көрмеге қойылған әскери техника мен қару-жарақ симпозиумға ...

    Толығырақ...
  • БҰҰ қазақстандық әскери техника мен қару-жарақты б...

    28.05.2019 17:20:00

    БҰҰ бітімгершілік миссиялары үшін әскери техника мен жылубейнелік жабдықтарын ұсыну, спут...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

ООН готова закупать казахстанскую военную технику и вооружение для миротворческих миссий

БҰҰ қазақстандық әскери техника мен қару-жарақты бітімгершілік миссияларына сатып алуға дайын

БҰҰ бітімгершілік миссиялары үшін әскери техника мен жылубейнелік жабдықтарын  ұсыну, спутниктік мониторинг саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ цифрландыру және телемедицина саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту  мәселелері  ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев пен  БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Атул Харе арасындағы  кездесуде талқыланды.

Кездесуге сондай-ақ,  Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров және

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Шимура Норимаса қатысты.

Атул Харенің БҰҰ бітімгершілік миссияларында қазақстандық әскери техниканы пайдалану жөніндегі ұсынысын кездесуге қатысушы қазақстандық тарап бірден құптап, аталған сала бойынша біздің еліміздің әлеуеті зор екенін және осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысының бар екенін жеткізді.

"Бүгінгі күні Қазақстанда әскери техника мен жабдықтарды, соның ішінде брондалған автомобильдер, тікұшақтар, жылубейнелік жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрілер шығаратын кәсіпорындар саны баршылық.  Әрине, біздің  мүддеміз – осы  әскери әлеуеттің  бейбітшілікті сақтауға  қызмет етуі", - деп атап өтті Асқар Жұмағалиев.

Әскери миссиялар форматындағы және халықаралық деңгейдегі диалог алаңы ретіндегі Қазақстанның айтарлықтай бітімгершілік тәжірибесі мен еліміздің теңдестірілген  сыртқы саясатын БҰҰ жоғары бағалап отыр. Осы орайда,  Қазақстанмен бірқатар  аспектілер бойынша, соның ішінде бизнес деңгейінде ынтымақтастықты күшейтуді де көздеуде. Осымен бірге, Атул Харе Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізетін сатып алу бағдарламаларына кәсіпкерлерді көптеп қатыстыру және олардың өз мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру үшін алдағы күндері бизнес-семинарлар өткізуді жоспарлағанын атап өтті.

Бұдан өзге, жоғары делегация мүшелері Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатқан бітімгершілік технологиялары бойынша   әріптестік жөніндегі  V Халықаралық Симпозиумға қатысуда.  "Болжам. Қорғау. Алдын алу" тақырыбындағы Симпозиум барысында, БҰҰ бітімгершілік миссиялары үшін инновациялық технологияларды енгізу, бітімгершілік операцияларына қатысатын тұлғалар үшін халықаралық әріптестік мүмкіндіктері және осы саладағы өзекті мәселелерді бірлесіп зерттеп-зерделеу мәселелері талқыланбақ.

http://mdai.gov.kz/kk/news/buu-kazakstandyk-skeri-tehnika-men-karu-zharakty-bitimgershilik-missiyalaryna-satyp-aluga-dayyn

28.05.2019