СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қазақстандық-ресейлік кәсіпорындардың ынтымақтасты...

    14.08.2019 18:26:00

    Екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында 2019 жылдың 14 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында «...

    Толығырақ...
  • Қазақстанда ұшу аппараттарын шығару туралы ұ зақ м...

    03.08.2019

    «Қазақстандық авиаиндустрия» ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында ұшқышсыз ...

    Толығырақ...
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі...

    31.07.2019 11:28:00

    ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжуменов ҚР ИИДМ басшысының орынбасары қызметін...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Продукция предприятий казахстанского ОПК представлена на выставке в рамках V международного Симпозиума ООН по партнерству в технологиях для миротворчества

Бітімгерлік технологияларындағы әріптестік жөніндегі V халықаралық симпозиумы шеңберінде қазақстандық ҚӨК кәсіпорындарының өнімдері көрмеге қойылды

simpozium_2.jpg

"Made in Kazakhstan" лейблімен көрмеге қойылған әскери техника мен қару-жарақ симпозиумға қатысушылардың қызығушылығын тудырып, халықаралық сарапшылар дайын өнімдермен қатар, сол өнімдерді шығаратын қазақстандық кәсіпорындардың жұмысымен де  жақынырақ танысты. 

"Болжам. Қорғау. Алдын алу" тақырыбына арналған симпозиумға қатысушылар BigData және киберқауіпсіздік, жаңа технологиялар мен экологиялық жауапкершілік, телемедицина, бітімгерлік барлау тәжірибесін жетілдіру, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларға қарсы тұру және басқа да қауіп-қатерлер тақырыптарын талқыға салды.

Аталған халықаралық шараға БҰҰ Бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі орынбасары - Ж-П. Лакруа және далалық қолдау жөніндегі орынбасары – А. Харе, ҰҚШҰ, НАТО, Еуропалық Одақ және Африка Одағы (БҰҰ бітімгерлік операциялар  жөніндегі серіктестері) секілді халықаралық ұйымдардың басшылары, азаматтық қоғам мен  ғылыми орта, жалпы саны 70 елдің өкілдері қатысты.

БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне тартылған халықаралық қауымдастықтың өкілдері әріптестіктің жаңа қырларын қарастырып, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарымен бірқатар келіссөздер жүргізді. Бұдан басқа, олар ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған көрме барысында, сондай-ақ кәсіпорындарды аралау кезінде 26 отандық өндіруші ұсынған отандық ӘПК өнімдерінің үлгілерімен танысты. Атап айтқанда, БҰҰ делегациясы электронды және электронды–оптикалық өнімдер өндіру бойынша қорғаныс өнеркәсібі міндеттерін орындайтын "Қазақстан Аселсан инжиниринг", сондай-ақ Орталық Азиядағы ең ірі "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг"заманауи брондалған дөңгелекті машиналар шығару кәсіпорындарында болды.

ҚР ЦДҚАӨМ Бірінші вице-министрі Талғат Жанжүменов, қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары әскер мен арнайы құрылымдарды техника және жабдықтармен қамтамасыз ету жөніндегі негізгі міндеттерін орындай отырып, сонымен бірге өздері өндіретін өнімдер желісін кеңейтуге дайын және техника мен қару-жарақтың халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті екенін атап өтті.

simpozium_4.jpg

БҰҰ миссиясының сарапшылары MRAP (минаға қарсы күшейтілген қорғаныс) технологиясы бойынша құрастырылған «Арлан» және «Барыс» дөңгелекті брондалған машиналар мен түнде көру құралдарына, медициналық құралдармен жабдықталған әскери техникасы бар ұтқыр госпитальдар/ұтқыр медициналық топтар жүйелеріне ерекше қызығушылық танытты.

Қазіргі трендтер мен сын-қатерлерді назарға ала отырып, Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркіне келген симпозиумға қатысушыларға  ҚР ЦДҚАӨМ вице-министрі Асхат Оразбек  BigData және киберқауіпсіздік саласындағы қазақстанның тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.

Сонымен қатар, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында UNPD (United Nations Development Programme, БҰҰ мүше мемлекеттерге даму саласында өтеусіз және саяси емес көмек көрсету жөніндегі ұйым) сатып алу жөніндегі сарапшыларының қатысуымен бизнес-семинар өткізіледі. Семинар барысында отандық ҚӨК өкілдеріне БҰҰ-ның сатып алу рәсімдері, жеткізушілерді бағалау критерийлері мен тіркеу рәсімдері, қорғаныс-өнеркәсіп өнімдерін өткізудің әлеуетті нарықтары түсіндірілетін болады.

http://mdai.gov.kz/kk/news/bitimgerlik-tehnologiyalaryndagy-riptestik-zhonindegi-v-halykaralyk-simpoziumy-shenberinde

30.05.2019