СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қазақстандық-ресейлік кәсіпорындардың ынтымақтасты...

    14.08.2019 18:26:00

    Екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында 2019 жылдың 14 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында «...

    Толығырақ...
  • Қазақстанда ұшу аппараттарын шығару туралы ұ зақ м...

    03.08.2019

    «Қазақстандық авиаиндустрия» ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында ұшқышсыз ...

    Толығырақ...
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі...

    31.07.2019 11:28:00

    ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжуменов ҚР ИИДМ басшысының орынбасары қызметін...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Подписан долгосрочный контракт по сборке БПЛА в Казахстане

Қазақстанда ұшу аппараттарын шығару туралы ұ зақ мерзімдік келісім-шартқа қол қойылды

«Қазақстандық авиаиндустрия» ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын шығару туралы және техникалық қызмет көрсету жөнінде «Elbit Systems Ltd.» (Израиль) компаниясымен келісім-шарт жасасты.

Сондай-ақ, ҚР аумағында «Elbit Systems Ltd.» компаниясының тауарлық белгісін пайдалануға айрықша құқық беретін лицензиялық келісімге қол қойды.

«Қазақстандық авиаиндустрия» ЖШС бұл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және оларды жетілдірумен айналысатын кәсіпорын. Кәсіпорынды  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Камкор Менеджмент» ЖШС бірлесіп дамытуда.

«Бұл жоба ұшу аппараттарын сатудан бөлек оларды жөндеу және баптау жөнінен басқа елдерге деген тәуелділікті азайтады. Сонымен бірге білікті отандық мамандарды даярлауға және жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік береді»,-дейді «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов.

Қазақстандағы осы ұшу аппараттарын ықтимал пайдаланушылар арсында жүргізілген сұрау (ҚР ҚМ,ҰҚК Шекара қызметі,ҚР АШМ, ҚР ІІМ және мұнай-газ саласының компаниялары т.б.) отандық өндіріс пен жергілікті техникалық қызмет көрсету болғанда ғана аталған өнімге деген сұраныстың артатынын көрсетті.

Халықаралық талдау да ұшу аппараттар нарығының жыл сайын ұдайы кеңейіп келе жатқанын байқатып отыр.

Қ.Бишімовтің айтуынша бұл кәсіпорын Қазақстанда ұшу аппараттарын шығару, техникалық қызмет көрсету және жетілдіру жөніндегі ірі орталыққа айналуы керек. Болашақта отандық өнімді экспортқа шығару да жоспарда бар.

Осы жылдың соңына дейін ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын шығаруға арналған құрал-жабдықтардың алғашқы партиясы келіп жетпекші.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі


Пресс-служба АО НК "Казахстан инжиниринг"

03.08.2019