СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қасым-Жомарт Тоқаев С.М. Киров атындағы зауытқа ба...

    17.09.2019 20:00:00

    Мемлекет басшысы кәсіпорынның өнімдерімен танысып, көпқабатты баспа тақтасын шығаратын жән...

    Толығырақ...
  • САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    17.09.2019 11:25:00

    «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) Мемлек...

    Толығырақ...
  • Қазақстандағы машина жасау: 2000 жылдан бері өндір...

    17.09.2019 10:56:00

    Машина жасау — еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының басым саласы....

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Казахстан и Россия обсудили ход реализации производственной кооперации в сфере гражданской и оборонной промышленности

Қазақстан мен Ресей азаматтық және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы өндірістік кооперацияны жүзеге асыру барысын талқылады

2019 жылғы 27 тамызда Жуковский қаласында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр "МАКС-2019" 14-ші халықаралық авиациялық-ғарыштық салонына қатысып, Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровпен кездесті.

Кездесу барысында Министрлер 2019 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Ресей Федерациясына сапары аясында қол қойылған бірлескен құжаттардың орындалу барысын талқылады.

Кездесу барысында №405 Алматы авиажөндеу зауыты базасында 2020 жылдан бастап азаматтық мақсаттағы "Ми" тікұшақтарын ірі тораптық құрастыруды бастау туралы келісімге қол жеткізілді.

Сонымен қатар, ұшақ жасау саласында қазақстандық және ресейлік кәсіпорындардың барынша кооперациясын көздейтін жаңа жобаларды іске асыру басталды.

Қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерін Ресей Федерациясында шығарылатын авиапорттарды құрастыру бойынша өндірістік тізбекке біріктіруге ерекше назар аударылды.

Тараптар өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және екі жақты жобаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп тұрған және жаңа өндірістер базасында іске асыруды көздейтін кең ауқымды мәселелерді талқылады.

http://miid.gov.kz/kk/news/kazakstan-men-resey-azamattyk-zhne-korganys-onerksibi-salasyndagy-ondiristik-kooperaciyany

28.08.2019