СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Техникалық және қорғаныс ынтымақтастығы мәселелері...

    08.11.2019

    2019 жылғы 5-7 қараша аралығында Нұр-сұлтан қаласында Техникалық және қорғаныс ынтымақтаст...

    Толығырақ...
  • Күрделі жөндеуден өткен С-300 зымыран сынақтары сә...

    06.11.2019 17:23:00

    Сары-Шаған полигонында отандық кәсіпорында күрделі жөндеуден өткен С-300 зениттік-ракеталы...

    Толығырақ...
  • «Қазақстан инжиниринг» жаңа жобаға қолдау көрсетт...

    06.11.2019 13:01:00

    «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы аумағындағы тұңғыш патрон зауыты жоба...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Состоялась встреча с коллективом Компании

Компания ұжымымен кездесу өтті

2019 жылдың 4 қыркүйегінде ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пшембаев «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ ұжымымен кездесті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 17 маусымдағы  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне еліміздің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілгені белгілі.

Атап айтқанда, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және т.б.

Кездесу барысында «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов Компания мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының қазіргі жағдайы туралы баяндады.

Сондай-ақ, басқосуда қорғаныс өнеркәсібі кешенінің көптеген мәселелері, оның ішінде Компанияның стратегиялық даму, кадрлық саясаты және азаматтардың өтініштеріне қатысты мәселелер т.б. талқыланды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ  баспасөз қызметі

04.09.2019