СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Со...

    17.11.2019 13:57:00

    Сапар барысында А. Мамин Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшылары — «С.М. Киров ат...

    Толығырақ...
  • Екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды...

    12.11.2019 18:26:00

    Бұрын хабарланғандай ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Түркия Республикасына жұмыс сапары ая...

    Толығырақ...
  • Техникалық және қорғаныс ынтымақтастығы мәселелері...

    08.11.2019

    2019 жылғы 5-7 қараша аралығында Нұр-сұлтан қаласында Техникалық және қорғаныс ынтымақтаст...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Вертолет казахстанской сборки отправлен на экспорт в Таджикистан

Қазақстанда құрастырылған тікұшақ экспортқа шықты

Airbus Н-125 тікұшағын Тәжікстанның әуе компаниясы сатып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе техникасының дәл осы түрі Тәжікстанда бұрын болмаған. Бүгін тікұшақты тәжік ағайындарға салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Н-125 тікұшағының салонынан жан-жақты көру мүмкіндігі жоғары. Және аспанда болатын тербелуді де көп сезінбейсіз. Әуетехникасын биік таудың басына қондыруға болады. Ыстық климатқа да қолайлы. Әмбебап техникамен адамдарды құтқаруға және өрт сөндіруге болады.

Сухроб Джураев, «Somon air»компаниясы бас директорының бірінші орынбасары:

– Airbus тікұшағын алғанымызға қуанып тұрмыз. Бұл әуетехникасы біздің елдегі туризмнің дамуына септігін тигізеді. Оның сапасы мен қауіпсіздігіне сенімдіміз. Ұзақ уақыт зерттеп, тексеріп көрдік. Аймақтық ұшуларды дамытамыз. 

Бұл – Тәжікстанмен әріптестіктің басы ғана. Сәуір айынан бастап, Тәжік елінде «KazakhExport» компаниясының өкілдігі жұмыс істейді. Компания арадағы келісімді қаржыландырды.

Руслан Ысқақов, «Azakhexport эск» басқарма төрағасы:

– Авиакомпания бұл тікұшақты сатып алу үшін 5 жылға несие алды. Осы техниканы пайдалану кезінде түсетін қаржы арқылы 5 жылдың ішінде несие қарызын өтейтін болады.

Тікұшақты құрастыруды бірлескен компаниялар іске асырады. Яғни, ЕС 145, Н125, Н130 тікұшақтарын сату, құрастыру және қызмет көрсету бойынша ТМД мен Орта Азияда баламасы жоқ.

Қуаныш Бишімов, «Қазақстан инжинеринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

– Тәжікстанмен әлі 5-10 тікұшақ сатып алу жөніндегі келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз. Қырғыз еліне жеткіземіз. Сондай-ақ, борттарға жөндеу жүргізудің экспорттық қызметін ұсынамыз. Ол Ресей елінде орналасқан. Моңғолия елімен ортақ тәжірбие бар.

Зауыт іске қосылғалы 30-дан астам тікұшақ құрастырылды. Қазір экспорттың әлеуетін арттыру жұмыстары жүріп жатыр.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/350859-aza-standa-rastyryl-an-tik-sha-eksport-a-shy-ty

29.10.2019