СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • VI Халықаралық «KADEX -2020» қару-жарақ және техно...

    17.01.2020 16:10:00

    2020 жылғы 28-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында VI Халықаралық «KADEX -2020» қару-ж...

    Толығырақ...
  • Президенттің кадрлық резерві іс жүзінде...

    17.01.2020 11:24:00

    Еске сала кетейік, мұқият іріктеуден кейін 300 қазақстандық жас Президенттік кадрлық резер...

    Толығырақ...
  • Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адамдарғ...

    24.12.2019 15:19:00

    «Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның еншілес кәсіпорны «Тыныс» зауыты мүмкіндігі шектеулі жандарғ...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Казахстанское предприятие будет выпускать БПЛА с 2020 года

Қазақстандық кәсіпорын 2020 жылдан бастап ұшқышсыз басқарылатын аппараттар шығармақшы

Қазақстандық авиациялық индустрияның (KAI - «Қазақстан инжиниринг» АҚ еншілес кәсіпорны) бір топ мамандары ұшқышсыз басқарылатын аппараттар жүйесі өндірісінде оқу үшін Израильге жіберіледі. Олар оқуды бітіріп елге келген соң осы аппараттарды 2020 жылдан бастап Қазақстанда шығаруды қолға алмақшы.

Сәл бұрын израильдік Elbit Systems компаниясымен ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойылып, Қазақстан аумағында сауда маркасының өкілдігін беретін бас лицензия алынған болатын.

Сондай-ақ, төрт Су-25 ұшағына күрделі жөндеу KAI авиациялық техникалық орталығында беларуссиялық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылуда.   

Алынған тәжірибе мен дағдылар қазақстандық компанияға жаңғыртылған Су-25 ұшағын күрделі жөндеуден өткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Бұл ретте қазақстандық жұмыстардың мазмұндық үлесі 2019 жылмен (16%) салыстырғанда 36% -ға дейін артады.

Сондай-ақ, KAI авиациялық-техникалық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ан-72 әскери-көлік ұшағының регламенттік жұмысы аяқталды. Ұшақтар тапсырыс берушіге тапсырылды және олар қазір жоспарлы рейстерді орындауда. Жұмыстың сәтті нәтижесі ретінде «Антонов» әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету үшін ҚР Шекара қызметі мен ҚР Ұлттық ұланы тапсырыстар түсуін айтуға болады.

Сонымен қатар, KAI қатысуымен Airbus зауыттарында екі C295M әскери-көлік ұшағына техникалық қызмет көрсету аяқталуда. Ал 2020 жылдан бастап KAI Қазақстанда осы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыра бастайды. Осы мақсатта Airbus компаниясымен тиісті келісімдер жасалды және KAI өндірістерін жабдықтау және оның негізінде C295M ұшақтарына қызмет көрсету орталығын құру тәртібін анықтайтын жол картасы қабылданды.

«Қазақстан инжиниринг» АҚ баспасөз қызметі

22.11.2019

Фотогалерея