СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • VI Халықаралық «KADEX -2020» қару-жарақ және техно...

    17.01.2020 16:10:00

    2020 жылғы 28-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында VI Халықаралық «KADEX -2020» қару-ж...

    Толығырақ...
  • Президенттің кадрлық резерві іс жүзінде...

    17.01.2020 11:24:00

    Еске сала кетейік, мұқият іріктеуден кейін 300 қазақстандық жас Президенттік кадрлық резер...

    Толығырақ...
  • Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адамдарғ...

    24.12.2019 15:19:00

    «Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның еншілес кәсіпорны «Тыныс» зауыты мүмкіндігі шектеулі жандарғ...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Состоялось торжественное мероприятие

Мерекелік шара болып өтті

2019 жылдың 29 қарашасында  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты шара болып өтті.

Ұжым алдында сөз сөйлеген Басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов біздің мемлекетіміздің жаңа тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты екенін атап айтты. Оның басшылығымен елде ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүргізілді. Елбасының көреген саясаты арқасында бұрынғы КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенінің кәсіпорындары сақталып, кейін ол ұлттық компанияға біріктірілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері – контр-адмирал Ратмир Комратов пен генерал-майор Болат Қырғызбаев Тұңғыш Президенттің Қазақстан армиясын құрудағы тарихи рөлі туралы әңгімелеп берді.

Мерекелік шара барысында ерекше көзге түскен Компания қызметкерлері мақтау грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған іс-шаралар Компанияның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарында  өтіп жатыр.

«Қазақстан инжиниринг» АҚ баспасөз қызметі

29.11.2019

Фотогалерея