СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • САУДА-САТТЫҚТЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    27.03.2020 21:49:00

    «Семей машина жасау зауыты» АҚ 75 % (жепіс бес пайыз) қарапайым акцияларын сату бойынша эл...

    Толығырақ...
  • САУДА-САТТЫҚТЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    27.03.2020 21:48:00

    «С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ - ның 51 % (елу бір пайыз) қарапайым акцияла...

    Толығырақ...
  • Наурыз құтты болсын!...

    20.03.2020 17:55:00

    Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Казахстан и Индия укрепляет сотрудничество в оборонной промышленности

Қазақстан мен Үндістан қорғаныс өнеркәсібі саласында ынтымақтастықты нығайтады

Бүгін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Талғат Жанжүменов бастаған қазақстандық қорғаныс кәсіпорындарының делегациясы Үндістанның Лакнау қаласында өтіп жатқан Defense Expo-2020 көрмесіне қатысуда.

Сапар аясында Үндістан Мемлекеттік Қорғаныс министрімен, Үндістан Қарулы Күштері Бас штабы бастығымен және онға жуық ірі қорғаныс кәсіпорындарымен кездесулер өткізілді.

Тараптар әскери-теңіз саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жайын талқылады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Үндістан Қарулы Күштерінің теңіз қару-жарағын жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын жүргізіп жатқан Қазақстанның С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты қызметтерінің экспортын арттыру туралы сөз болды.

Тараптар сонымен қатар сауытты танк техникасы мен зымырандық-артиллериялық қару-жарақты жөндеу және қызмет көрсету, сондай-ақ қорғаныс құралдарын бірлесіп өндіру мүмкіндіктерін талқылады.

Келіссөздер барысында Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібіне Үндістан инвестицияларын тартуға баса назар аударылды.

Бұдан басқа, Үндістанның Мемлекеттік Қорғаныс министріне

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың 2020 жылғы 28-31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін КАДЕКС-2020 көрмесіне қатысуы туралы шақыру хаты табыс етілді.

http://miid.gov.kz/kk/news/kazakstan-men-undistan-korganys-onerksibi-salasynda-yntymaktastykty-nygaytady

05.02.2020

Фотогалерея