СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • VI Халықаралық қару-жарақ және технология көрмесін...

    13.03.2020 09:00:00

    Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі COVID-19 коронавиру...

    Толығырақ...
  • 13 млрд. теңгеге ынтымақтастық туралы Меморандумға...

    28.02.2020 11:50:00

    2020 жылдың 28 ақпанында ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің қатысуымен ««Samruk Business Foru...

    Толығырақ...
  • «Самұрық-Қазына» АҚ-мен ұзақ мерзімдік келісім-шар...

    21.02.2020 14:14:00

    2020 жылғы 21 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысына жас аған жұмыс сапары аясында «Самұрық-...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Подписан договор по производству инвалидных колясок в Казахстане

Қазақстанда мүгедектер арбасын шығару туралы келісімге қол қойылды

Бүгін «Қазақстан инжиниринг» АҚ Басқарма Төрағасы Қуаныш Бишімов пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды электрарбалармен қамтамасыз ету» мақсатындағы мемлекеттік тапсырманы орындау туралы келісімге қол қойды. 

Арабалар алғаш рет Қазақстанда   «Қазақстан инжинирингтің» еншілес компаниясы «Тыныс» АҚ базасында шығарылатын болады. Бұрын олар Ресейден, Қытайдан және Еуропа елдерінен әкелінетін еді.

Бұл зауыт дизайнерлерінің төл туындысы және қазіргі заманғы талаптарға толық сәйкес келеді. Жалпы салмағы 70 кг дейін, жүру қашықтығы - 15 км, жүк көтерімділігі - 140 кг. Ағымдағы жылы балалар мен ересектер үшін 1374 арба шығару жоспарлануда. Өнімнің алғашқы партиясын қолданушылар сынап көрді және олар оң бағаға ие болды.

Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі адамдардың арнайы көлік құралдарымен қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімділігін арттыруға бағытталған. 

Сонымен қатар, бұл шығарылатын өнім аясын кеңейтуге және әскери-өнеркәсіптік кешен көлемі бойынша азаматтық өндірістің үлесін көбейтуге септігін тигізетін болады.

«Тыныс» зауытының негізгі өнімдері – авиациялық техникаларға арналған қосалқы бөлшектер мен күштік құрылымдар үшін жеке қорғаныс құралдары. Сондай-ақ мұнда мұнай-газ және темір жол саласына арналған азматтық өнімдер де шығарылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК баспасөз қызметі

19.02.2020

Фотогалерея