СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • САУДА-САТТЫҚТЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    27.03.2020 21:49:00

    «Семей машина жасау зауыты» АҚ 75 % (жепіс бес пайыз) қарапайым акцияларын сату бойынша эл...

    Толығырақ...
  • САУДА-САТТЫҚТЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    27.03.2020 21:48:00

    «С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ - ның 51 % (елу бір пайыз) қарапайым акцияла...

    Толығырақ...
  • Наурыз құтты болсын!...

    20.03.2020 17:55:00

    Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Наурыз құтты болсын!

Наурыз құтты болсын!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғасырлар қойнауынан бастау алатын мазмұны бай мереке қазір мүлде жаңа сипатқа ие болды. Бүгінгі күні Наурыз бауырмалдық пен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен ұлтаралық келісімнің мерекесі.

Наурызда айтылған барлық тілек қабыл болады деген наным-сенім бар. Ел біріксе алынбас қамал жоқ. Ендеше бүкіл әлемде және бізде болып жатқан қиындықтар ертең-ақ артта қалады деп сенейік.

Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына ырыс пен ынтымақ, бірлік пен қуаныш, бақыт пен молшылық, елімізге тыныштық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізгі тілекпен,

«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ
Басқарма төрағасы                                                                                                            Қ.Бишімов

20.03.2020