СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» жеке компания...

    13.09.2018 11:47:00

    «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) жек...

    Толығырақ...
  • Қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпоры...

    23.08.2018

    2018 жылдың 21 тамызда Мәскеу облысының Кубинка қаласында ашылған «Әскер-2018» IV Халықара...

    Толығырақ...
  • жаңғыртылған инженерлік техниканың әскери сынақтар...

    26.07.2018

    «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ-да жаңғыртылған инженерлік техника үлгіл...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

В Уральске обсудили вопросы развития предприятий ОПК

Оралда ҚӨК кәсіпорындарының даму мәселелері талқыланды

Совещание

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Орал қаласына іссапарымен барып келді. Онда ол әскери өнімдерді құрастыру мен шығарумен айналысатын Батыс Қазақстан облысының қорғаныс-өнеркәсіптік кешені (ҚӨК) кәсіпорындарының жұмысымен танысты. 

Алғашқы объект ретінде министр «Батыс Қазақстан машина құрастыру компаниясы» АҚ-ны («БҚМК» АҚ) көріп қайтты.

«БҚМК» АҚ – бұл өндірістің бірнеше түрлерін орындайтын жоғары технологиялық заманауи өндіріс кешені. Зауыт құрал-жабдықтарды конструкторлық құрастыру, оны әзірлеу, жеткізу, монтаждау мен орналастыру жұмыстарын қамтып, тапсырысты орындаудың толық циклін қамтамасыз етеді.

Бұдан соң делегация ҚР ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компанияның «Зенит» Орал зауыты» кәсіпорнына барып, кемелерді шығару бойынша цехтың жұмысымен және өндірілетін өнім тізімімен танысты.

«Зенит» Орал зауыты» кәсіпорны отандық ҚӨК кәсіпорындарының құрылымына кіреді. Зауыт катерлер мен кемелерді шығарып, оларға жөндеу мен жаңғырту, әрі техникалық қызмет көрсетумен айналысады.

Іссапар соңында Б. Атамқұлов облыс әкімі А. Көлгінов және мемлекеттік органдар өкілдерімен бірге БҚО қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының басшылығымен жиналыс өткізді.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

20.06.2018