СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» жеке компания...

    13.09.2018 11:47:00

    «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) жек...

    Толығырақ...
  • Қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпоры...

    23.08.2018

    2018 жылдың 21 тамызда Мәскеу облысының Кубинка қаласында ашылған «Әскер-2018» IV Халықара...

    Толығырақ...
  • жаңғыртылған инженерлік техниканың әскери сынақтар...

    26.07.2018

    «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ-да жаңғыртылған инженерлік техника үлгіл...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

МИД и МОАП продолжат координацию работы по экспорту продукции ОПК Казахстана

СІМ мен ҚАӨМ Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік өнімдерін экспорттау бойынша жұмысты үйлестіруді жалғастырады

МИД

2017 жылы қабылданған Қазақстандық өнімді экспорттауды ынталандыру және инвестицияларды тарту бойынша ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мәселелерін талқылау мақсатында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен аталған екі министрліктің және ведомстволық бағынышты ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларының кездесуі өтті.

Жоспар Мемлекет басшысының жолдауына және еліміздің басқа да стратегиялық бағдарламалық құжаттарын іске асыру аясында экономикалық дипломатияны жандандыру туралы тапсырмаларына сәйкес әзірленген болатын.

Жоспар шеңберінде ақпарат алмасу және нарықты талдаудан бастап, презентациялық іс-шараларды ұйымдастыруға және нақты жобалар бойынша әлеуетті серіктестер мен келіссөздерге дейін кең ауқымды мәселелер бойынша белсенді өзара іс-қимыл жүргізілуде. Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген әскери-дипломатиялық корпустың Петропавловск қаласындағы («Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Киров атындағы Зауыт» АҚ) қорғаныс кәсіп орындарына 2017 жылдың қыркүйегінде баруының жетістілігі атап өтілді.

2018 жылдың 23-26 мамырда Астана қаласында өткен V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің сәтті өтуі Қазақстан Республикасының экономикалық әртарап тандыру жөніндегі алдына қойылған мақсаттарына жауап береді. Көрмеге Франция, Испания, Италия, ҚХР, Жапония, Израиль, БАӘ, Ресей, Түркиядан және т.б. мемлекеттерден 48 ресми делегация қатысты. 28 елден 335 компания өз өнімдерін ұсынды. Қорғаныс өнеркәсібі, ғарыш қызметі және кибер қауіпсіздік саласындағы келісім-шарттар мен шарттардың 900 млн. АҚШ долларынан асты, бұл көрсеткіш «KADEX-2016»-ға қарағанда әлдеқайда жоғары болып табылады.

Сыртқы нарықтарда жүргізілетін жұмыста БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен енгізілген санкциялардың режимдерінің сөзсіз сақталуына айрықша назар аударылады. Сонымен бірге, бірқатар елдерге ықпалын тигізетін біржақты санкциялардың халықаралық аренада қолдану нәтижелерін ескеру маңызды.

Министрліктер бұл бағытта ҚАӨМ-нің жетекші рөлін ескере отырып, киберқауіпсіздік саласында тығыз ынтымақтастық орнатуға келісті. Заңнамалық деңгейде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Бірыңғай талаптарға өзгерістер енгізілді, оқытудың процестері мен тәсілдері жетілдірілуде, киберқауіпсіздікпен айналысатын мамандардың дағдылары артуда және т.б.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқаратын және Қазақстан Республикасы мен шет елдер мүдделері үшін Үкіметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлігінің нәтижелілігін арттыру қажеттілігі атап өтілді. СІМ мен ҚАӨМ осындай кездесулерді үнемі өткізуді одан әрі жалғастыруға ниетін білдірді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
27.06.2018