СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Цифрлық технологиялар әскери саланы қамтуда...

    20.11.2018 09:56:00

    Қызмет барысында қолданылатын цифрлық технологиялар дәлме-дәл көздеуге, мүлт кетпей тигізу...

    Толығырақ...
  • Қазахстандық кәсіпорындар «Securika Central Asia 2...

    15.11.2018 16:00:00

    Ташкент қаласында қазір 10-шы «Күзет, қауіпсіздік және өрттен қорғау – Securika Cent...

    Толығырақ...
  • Қорғаныс саласындағы жаңашылдықтар...

    06.11.2018

    Қорғаныс саласындағы жаңашылдықтар. Цифрлық технологиялардың көмегімен елімізде әскери тех...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Спартакиада Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности РК

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Спартакиадасы

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының өкілдері демалыс күндері «Алау» мұз сарайында өткен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Спартакиадасына қатысты.

Ойынның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Вице-министрі Аманияз Ержанов бұл іс-шара мемлекеттік қызметкерлер күніне және Астананың 20 жылдығына арналғанын атап өтті.

А.Ержанов қатысушыларға спорттық жарыстарға қызығушылығы үшін алғысын білдіріп, командаларға сәттілік тіледі.

Спартакиадада турнирлар төрт спорт түрінен өтті: волейбол, мини-футбол, үстел теннисі және шахмат.

Спартакиаданың алғашқы күнінде мини-футбол мен үстел теннисінен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның командалары үшінші орындарды жеңіп алды.

Спартакиаданың екінші күнінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның командалары волейболда төртінші және шахматтан жетінші орындарға ие болды.
Спартакиада.jpg
Мини-футбол турнирінің «Үздік қорғаушысы» ретінде «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының өкілі Қуаныш Мусин танылды.

Іс-шараның жеңімпаздары мен қатысушылары медальдармен, кубоктармен, сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жалпы алғанда, Министрліктің Спартакиадасына орталық аппараттың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың сегіз командасы қатысты.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
23.07.2018