СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнімен Қазақста...

    05.10.2018

    Құрметті қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері! Ардақты ардагерлер!...

    Толығырақ...
  • Кәсіби байқаудың жеңімпаздары анықталды...

    26.09.2018 15:22:00

    Машина жасаушылар мерекесі қарсаңында (қыркүйектің соңғы жексенбісі) «Петропавл ауыр машин...

    Толығырақ...
  • «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» жеке компания...

    13.09.2018 11:47:00

    «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) жек...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Войсковые испытания модернизированной инженерной техники

жаңғыртылған инженерлік техниканың әскери сынақтары

«Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ-да жаңғыртылған инженерлік техника үлгілерінің тәжірибелік әскери пайдалаудың бірінші кезеңі аяқталды.

Кәсіпорында автомобиль АМК-3 ауыр механикаландырылған көпір жиынтығынан көпір құрылымымен көпіртөсеу автокөлігі және понтонды-көпір паркі жиынтығынан өзен буынын тасымалдау автокөлігі жаңғыртылған болатын.

АМК-3 ауыр механикаландырылған көпірі, сулы (өзендер, каналдар) және құрғақ (жыралар, орлар) ені 40 метрге дейінгі және тереңдігі 3 метр болатын кедергілер арқылы қатты тіректердегі 60 тонналық жүкті көтере алатын темір көпірді дәлдеуге арналған.

Инженерная техника

Понтонды-көпір паркі, су тосқауылдары арқылы көпір және салдық өткелдерді жабдықтауға қызмет етеді және жүзгіш төрт понтондық жиналатын өзен және жағалау буындарынан тұрады, буындарды, төсеніштерді және катерлерді тасымалдау үшін жабдықталған автокөліктерден тұрады.

КрАЗ-255B тасымалдау көлік құралдарының ескірген доңғалақ базасын заманауи KAMAZ-63502-ке ауыстыру мақсаты, базалық автомобилдердің ептілігін және басқарылуын жақсарту болып табылады.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ әскери және шынжырлы техниканы жаңғыртуға және қайта жабдықтауға, күрделі жөндеуін жүргізуге маманданған.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
26.07.2018