СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА...

    06.12.2019 11:07:00

    «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ электронды байқау өткізетіндігі туралы хабарлайды...

    Толығырақ...
  • Мерекелік шара болып өтті...

    29.11.2019

    2019 жылдың 29 қарашасында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да Қазақстан Республикасының Тұң...

    Толығырақ...
  • Қазақстандық кәсіпорын 2020 жылдан бастап ұшқышсыз...

    22.11.2019 16:21:00

    Қазақстандық авиациялық индустрияның (KAI - «Қазақстан инжиниринг» АҚ еншілес кәсіпорны) б...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Цифровизация оборонных предприятий

Қорғаныс кәсіпорындарындағы цифрландыру үдерісі

Қазіргі уақытта «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның қорғаныс кәсіпорындарында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өндірістік үдерістерді цифрландыру белсенді түрде енгізілуде, жаңа технологияларды қолданып жасалатын бұйымдардың номенклатурасы кеңейтіліп, отандық өнімдерді экспортқа шығару бойынша шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Мәселен, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС-да ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың бөлімі құрылып, оның жұмысында бұйымдардың сызбаларынан бастап сынаққа жіберілуіне дейінгі толық жұмыс циклі үшін «Zemax» және «AltiumDesigner» бағдарламалық жасақтамасы қолданылады. Сонымен қатар зауытта мынадай озық технологиялар қолданылады:

  • Металл өңдеу және механикалық жүктеме симуляцияна арналған «CNC» (СББ) білдектері;
  • «Solidworks» БЖ негізінде жұмыс істейтін 3D баспасы;
  • «HAAS VF5» және «CCI30» автоматтандырылған жону және фрезерлеу білдектері.

«Зенит» зауыты қағаз технологиялық құжаттамадан бас тартатын плазмалық және газды-плазмалық кесудің автоматтандырылған дайындау кешенін сатып алды. Шығарылатын бұйымдарды автоматтандырылған жоспарлау және қадағалау жүйесі әзірленіп, жұмысқа енгізілген.

«Қазақстандық Авиациялық Индустрия» ЖШС-да өндірістің конструкторлық-технологиялық дайындығын автоматтандыру жұмысы басталды. Жабдық пен қосымша бұйымдарды дайындауға негіз болатын конструкторлық құжаттама цифрлық үлгіде әзірленген.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытында броньды техниканы броньды парақшаларды кесу мен броньды қапсулаларды жасаудан бастап жаңа технологиялар бойынша әзірленген дайын өнімге дейін жасап шығарады. Осы жердегі тағы бір маңызды өндіріс тізбегі Конструкторлық бюро болып табылады. Оның көмегімен техниканың құрылымын тапсырыс берушінің арнайы мақсаттарына лайық келетіндей етіп өзгертуге болады. Міне, осы бюро «Арланға» орнатуға арналған инновациялық мұнараны жасаған.

«Тыныс» АҚ, «ПАМЖЗ» АҚ, «С.М. Киров ат.зауыт» АҚ (Петропавл қ.), «Семей инжиниринг» АҚ секілді көптеген басқа кәсіпорындар да автоматтандырылған жүйелерді қолданысқа енгізіп жатыр.

Бүгінгі таңда Компанияда Қорғаныс кәсіпорындарын бұдан әрі цифрландыру жөнінде шаралар жоспары әзірленіп, ERP жүйесін енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл жүйе орталық аппарат үшін толық есеп жүргізуге және өндіріс жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

«Қазахстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

30.10.2018