СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қуаныш Бишімов «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқа...

    14.06.2019 17:44:00

    «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қуаныш Ердәул...

    Толығырақ...
  • Бітімгерлік технологияларындағы әріптестік жөнінде...

    30.05.2019 16:11:00

    "Made in Kazakhstan" лейблімен көрмеге қойылған әскери техника мен қару-жарақ симпозиумға ...

    Толығырақ...
  • БҰҰ қазақстандық әскери техника мен қару-жарақты б...

    28.05.2019 17:20:00

    БҰҰ бітімгершілік миссиялары үшін әскери техника мен жылубейнелік жабдықтарын ұсыну, спут...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Аскар Жумагалиев назначен Заместителем Премьер-министра - Министром оборонной и аэрокосмической промышленности РК

Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

2018 жылы 26 желтоқсанда Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

Асқар Жұмағалиев 1972 жылы РКФСР Орынбор облысында дүниеге келген.

Свердлов Суворов әскери училищесін тәмамдаған.

Кейін Қазақ ұлттық техникалық университетін (Алматы қ.) «Радиобайланыс, радиотарату және теледидар» мамандығы бойынша аяқтаған. 

Екінші жоғары білімін Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша алған.

Лозаннаның федеративтік политехникалық мектебінен «Электрондық басқару саласының магистрі» ғылыми дәрежесін алған.

1996–1998 жылдары «Жарық» ЖШС бас директорының қызметін атқарған;

1998–1999 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сектор меңгерушісі ретінде еңбек еткен;

1999–2000 жылдары - ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің бас маманы, бөлім бастығы болған;

2000 жылы «Телекоммуникациялық трафик биллингі республикалық орталығы» РМК-да басқарма басшысы ретінде жұмыс істеген;

2001–2003 жылдары – ҚР Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары, байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы;

2003–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;

2004–2005 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а.;

2005–2006 жылдары – ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;

2006 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы қызметін атқарған;

2006–2010 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ президенті;

2010–2012 жылдары – ҚР байланыс және ақпарат министрі;

2012–2014 жылдары – ҚР көлік және коммуникациялар министрі лауазымын атқарған;

2014 жылы – ҚР байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы;

2014–2015 жылдары – ҚР инвестициялар және даму министрінің орынбасары;

2015-2017 жылдары «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған.

2017 жылғы тамыз айынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған.

http://mdai.gov.kz/kk/news/askar-zhumagaliev-kazakstan-respublikasy-premer-ministrinin-orynbasary-ka...

27.12.2018