СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Асқар Жұмағалиев ҚАӨМ қызметінің негізгі басымдықт...

    14.02.2019

    Бүгін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (ҚР ҚАӨМ) алқа отырысы өтті, он...

    Толығырақ...
  • Асқар Жұмағалиев Астана, Алматы қалаларындағы қорғ...

    08.02.2019

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Ж...

    Толығырақ...
  • Қазақстандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығ...

    07.02.2019 17:35:00

    «Семей машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр т...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

В Казахстане будет налажена крупно-узловая сборка вертолетов Ми-8АМТ/Ми-171

Қазақстанда Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі тораптық құрастыру жүзеге асырылады

Бүгін Астанада ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ, «№ 405 Авиажөндеу зауыты»  мен «Ростех» корпорациясына қарасты «Вертолеты России» АҚ арасында Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын ірі тораптық құрастыруды Қазақстанда ұйымдастыру туралы Келісім-шартқа қол қойылды.

Аталған құжат Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин арасындағы бұрын қол жеткен уағдаластық негізінде жасалды. 

Тікұшақтарды құрастыру және оны тапсырыс берушінің талабына сай бейімдеу «№ 405 Авиажөндеу зауыты» АҚ өндірістік алаңында іске асырылмақ. Аталған кәсіпорын Ми-8АМТ/Ми-171  тікұшақтарын жөндеу, жетілдіру және техникалық қызмет көрсету үшін қазақстандық және халықаралық органдардың сертификаттарын иеленген.

Сондай-ақ бұл тікұшақтардың осы түрін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге біліктілігі сай келетін Қазақстандағы бірден бір кәсңіпорын.

Сонымен қатар, Қазақстанда ауыр тікұшақтарды құрастыру технологиясы  тұңғыш рет енгізіліп отырғанын және оның бюджеттік инвестицияларды тартпай ұйымдастырылатынын айта кету керек.

Тікұшақтарды құрастыру өндірісі отандық қорғаныс өнеркәсібін, азаматтық тікұшақ индустриясын және оқу-жаттығу базаларын едәуір дамытуға мұрындық болады.

Қазір Ми-8АМТ/Ми-171  тікұшақтарына негізігі тапсырыс берушілер мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық әуе компаниялары. 

Анықтама: Ми-8АМТ/Ми-171 тікұшақтарын М.Л. Миль атындағы Мәскеу тікұшақ зауыты жасаған және олар жолаушылар тасуға, салмағы 4000 кг дейін жүктерді кабина ішінде немесе сыртта іліп тасымалдауға, іздеу-құтқару жұмыстары мен өрт сөндіруге арналған. Қазір Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда, Таяу Шығыста, Еуропада, Латын Америкасында және ТМД елдерінде 1000-нан астам осы тікұшақтың түрлі модификациясы пайдалануда.

mi-8amt_kazakhstan_1.jpg

http://mdai.gov.kz/kk/news/kazakstanda-mi-8amtmi-171-tikushaktaryn-iri-toraptyk-kurastyru-zhuzege-as...

17.01.2019