СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қазақстандық-ресейлік кәсіпорындардың ынтымақтасты...

    14.08.2019 18:26:00

    Екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында 2019 жылдың 14 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында «...

    Толығырақ...
  • Қазақстанда ұшу аппараттарын шығару туралы ұ зақ м...

    03.08.2019

    «Қазақстандық авиаиндустрия» ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында ұшқышсыз ...

    Толығырақ...
  • ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі...

    31.07.2019 11:28:00

    ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжуменов ҚР ИИДМ басшысының орынбасары қызметін...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Казахстанские транспортные тягачи пошли на экспорт

Қазақстандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығарылды

«Семей машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр табанды тасымалдағыш көлікті экспортқа шығара бастады. Аталмыш техникалардың 4 данасы Ресейге жөнелтілді.

«Семей машина жасау зауыты» бүгінде ТМД аумағында осындай техникаларды шығаратын бірден бір кәсіпорын болып табылады.

Зауыттың Бас директоры Нұрлан Омаровтың айтуынша  қазір кәсіпорын шығаратын техникаларда қазақстандық өнімнің үлес салмағы өте жоғары және олар барлық талаптарға сай, сондай-ақ өздерінің сипаттамалары бойынша шетелдік өнімдерден еш қалыспайды.

Шынжыр табанды тасымалдағыш көлік жолдағы кедергілерден өтімділігі жоғары, жылдам жүре және жүзе алатын, жүк таситын, алдыңғы доңғалақтары тартқыш машина болып табылады.

Бұл көліктер өте қолайсыз климаттық жағдайларда (ұйық батпақты, қарлы, орманды, таулы және шөлейт аймақтарда) қоршаған ортаның температурасы от + 60 градустан – 70 градусқа дейін жететін жерлерде пайдалануға арналған.

http://mdai.gov.kz/kk/news/kazakstandyk-shynzhyr-tabandy-kolikter-eksportka-shygaryldy

07.02.2019