СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Асқар Жұмағалиев ҚАӨМ қызметінің негізгі басымдықт...

    14.02.2019

    Бүгін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (ҚР ҚАӨМ) алқа отырысы өтті, он...

    Толығырақ...
  • Асқар Жұмағалиев Астана, Алматы қалаларындағы қорғ...

    08.02.2019

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Ж...

    Толығырақ...
  • Қазақстандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығ...

    07.02.2019 17:35:00

    «Семей машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр т...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Аскар Жумагалиев посетил предприятия оборонно-промышленного комплекса Астаны и Алматы

Асқар Жұмағалиев Астана, Алматы қалаларындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешендері кәсіпорындарын аралады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Киров атындағы Машина жасау зауытының, № 405 Авиажөндеу зауытының, «СКТБ» Гранит» ЖШС, «Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС, «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС және «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС қызметімен танысты.

Сапар барысында Жұмағалиевке елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының өндірістік қуаты мен шығарылатын өнімдерінің номенклатурасы көрсетілді. Сондай-ақ, зауыт басшылары өз кәсіпорындарын дамыту жоспарлары туралы министрді хабардар етті.

Өз кезегінде Асқар Жұмағалиев қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенатының қарауында жатқан «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» ҚР жаңа Заңының жобасы, сондай-ақ саланы дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол бүгінде министрлік үшін негізгі басымдық еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі қазақстандық қамтуды арттыру болып табылатынын атап өтті.

Мемлекеттік қатысу үлесі бар кәсіпорындарға бару барысында Премьер-Министрдің орынбасары олардың тиімділігін бақылау үшін нақты KPI әзірлеу қажеттілігіне назар аударды, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған зауыттарда тәжірибесі мен құзыреті бар кәсіпорындардың тек бейінді бағыттарын дамытудың маңыздылығына назар аударды.

«Бізде әскери мұқтаждықтар үшін жоғары технологиялық жабдықтар өндірумен айналысатын бірегей зауыттар бар. Олар осы векторда жұмыс істеуді жалғастыруы тиіс. Мемлекет басшысы мемлекеттік кәсіпорындар жеке бизнеспен бәсекеге түспеуі тиіс екенін үнемі айтады. Осыны ескере отырып, даму жоспарын құру қажет», - деді А. Жұмағалиев.

Зауыттарға бару қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ӨҚК кәсіпорындарын дамытуға қатысты бірқатар басқа да тапсырмалар берді. Барлық мүдделі кәсіпорындарға осы мәселе бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру үшін саланы дамыту бойынша өз ұсыныстарын ұсыну айтылды.

Анықтама: «№ 405 авиажөндеу зауыты» АҚ түрлі үлгідегі әскери және азаматтық мақсаттағы тікұшақтарды, авиациялық-техникалық мүлікті күрделі жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысады.

Деятельность «Машиностроительного завода им. С.М. Кирова» АО «НК «Казахстан инжиниринг» МОАП РК заключается в производстве изделий гидравлики, модернизации и восстановительном ремонте спец. изделий, запчастей для изделия ЖД и горнодобывающего сектора.

"Қазақстан инжиниринг "ҰК "АҚ" Киров атындағы Машина жасау зауытының қызметі гидравлика бұйымдарын өндіру арналған қосалқы бөлшектер жасау болып табылады.

"Гранит" СКТБ" ЖШС радиоэлектроника, телекоммуникация, байланыс және ақпараттық технологиялар саласында аспаптар мен жүйелерді өндіреді.

"Қазақстан Парамаунт инжиниринг" ЖШС брондалған техника шығарады ("Арлан", "Номад", "Алан", "Барыс 8Х8" және 6х6).

"Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС тікұшақтарды іске асырумен, техникалық қамтамасыз етумен және ұшу-техникалық құрамын оқытумен айналысады.

"Қазақстан Аселсан инжиниринг" ЖШС электронды және электронды-оптикалық өнімдер бөлігінде ҚР қорғаныс өнеркәсібінің міндеттерін атқарады.

http://mdai.gov.kz/kk/news/askar-zhumagaliev-astana-almaty-kalalaryndagy-korganys-onerksip-keshender...

08.02.2019