СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Қазақстан мен Беларусь әскери-техникалық ынтымақта...

    11.10.2019 11:41:00

    Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы сауда-экономикалы...

    Толығырақ...
  • Дариға Назарбаева: Ұлттық қорғаныс өнеркәсібін дам...

    09.10.2019 18:59:00

    Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Зенит» к...

    Толығырақ...
  • V Халықаралық «Kazakhstan Security Systems -2019»...

    01.10.2019 17:18:00

    2019 жылждың 1 қазанында.Нұр-Сұлтан қаласында V Халықаралық «Kazakhstan Security Systems ...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Жоғары технологиялық жабдықтар жайы сөз болды

Жоғары технологиялық жабдықтар жайы сөз болды

Астана қаласында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен Сербия Қорғаныс министрі Александр Вулинмен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар Қазақстан – Сербия екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Қазақстанға сапар шеңберінде сербиялық әскери делегация отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіпорындарға барып, онда әскери өнімдерімен танысты. Сапардың бірінші нысаны элек­трондық және электрондық оптикалық өнімдер шығаратын «KAE» ЖШС бірлескен кәсіп­орны болды. Зауытта, түнгі көру құ­рылғыларын өндіру және қызмет көрсету, термиялық бейнелеу көз­дері, тұрақтандырылған қашық­тан басқарылатын жауын­гер­лік модульдер және т.б. құрылды.

Одан кейін делегация Орталық Азиядағы заманауи брондалған доңғалақты автокөліктер шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-нің зауытында болды. Онда олар кәсіпорынның инновациялық тех­но­логиясымен танысып, минадан қорғайтын күшейтілген бронь­ды машиналар шығару жайын зер­деледі. Кәсіпорынның жоғары техно­логиялық жабдықтары жұмыстың толық циклін жүзеге асыруға мүм­кін­дік береді. Қорғаныс-өнеркәсіп кеше­нінің әскери өнімдері мен басқа да кә­сіп­орындарының тұсаукесерлері болды.

Ұлттық ғарыш орталығында серб тарапына «КazEOSat» Жерді қа­шық­тықтан зондтау ғарыш жүйесінің жұмысы, дәлдігі жоғары спутниктік нави­­гация жүйесі көрсетілді. Салма­ғы 100 кг-нан 6 тоннаға дейінгі әртүр­лі мақсаттағы спутниктер жасау, сондай-ақ ғарыш аппа­рат­тарына арналған және тәжірибелік өндірісі бар арнаулы конструк­торлық-тех­нологиялық бюро үшін жиынтық­тау­ыштар жасау жос­парланған ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау ке­шенінің құры­лысы барысымен танысты.

Егемен Қазақстан

05.09.2017