СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Еліміздің қорғаныс кәсіпорындары машина жасау сала...

    27.02.2019 14:08:00

    Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақ...

    Толығырақ...
  • Сенаторлар қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындарда б...

    25.02.2019

    25 ақпанда Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ...

    Толығырақ...
  • СҚО-да екі қорғаныс зауытын жаңғыртудан кейін 150 ...

    21.02.2019

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұма...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Д.Назарбаева оценила оснащенность войск Регионального командования «Запад» в Атырау

Д.Назарбаева Атырауда «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің жарақтандырылуын жоғары бағалады

Запад

АТЫРАУ. ҚазАқпарат  - Атырау облысында жүрген Сенаттың халықаралық қатынастар қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева  Атыраудағы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының № 51051 әскери бөлімінде болған кезінде әскерлердің  жарақтандырылуын жоғары бағалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әскери бөлімде сенаторға  барлау  бөлімшесінің нысанды киімдерін, «Амфибия» бөлімшесінің, таулық, жалпы әскери, шабуылдау бөлімшесінің жабдықталуын, сондай-ақ салтанатты әскери киім нысанын көрсетті.

«Батыс» өңірлік әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Дәулет Оспанов бөлімнің қалай құрылғандығы туралы әңгімеледі, сондай-ақ әскери трофейлер музейін көрсетті.

Танысу кезінде Дариға Назарбаева қазақстандық өнімдерге назар аударды.

Біздің әскердің қаруларында «Арлан» бронды машинасы, БТР-60 командалық бронды машина, жаңғыртылған цифрлы радиорелелік Р-409 стансасы, әмбебап ұтқыр байланыс кешені,   Талис» және «Тадиран» радиостансасы, АКМ-72 автоматы, ПП-90 тапанша-пулеметі бар.  

ҚазАқпарат

15.10.2017