СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Еліміздің қорғаныс кәсіпорындары машина жасау сала...

    27.02.2019 14:08:00

    Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақ...

    Толығырақ...
  • Сенаторлар қорғаныс өнеркәсібінің кәсіпорындарда б...

    25.02.2019

    25 ақпанда Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ...

    Толығырақ...
  • СҚО-да екі қорғаныс зауытын жаңғыртудан кейін 150 ...

    21.02.2019

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұма...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ

ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІ

Борт

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту – еліміздің экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Өйткені бұл сала ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттілікті қорғауды қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр қазан айында құрылған Қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігінің алдына әлемдік тәжірибе мен озық ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту бойынша міндет қойды. Жаңа министрлікке тиесілі қызметтің негізгі бағыттарының бірі – қорғаныстық тапсырысты тиімді жүзеге асыру, бірыңғай әскери-техникалық саясат жүр­гізуге қатысу және өзге мемле­кеттермен осы салада ынтымақ­тастықты жолға қою.
Отандық қорғаныс өнеркәсі­бінің кәсіпорындары мен әскери зауыттар Қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігінің сенімгерлік басқаруындағы «Қа­зақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ құрамына ен­гізілген. Компания құрамына рес­публика бойынша 27 кәсіпорын, оның ішінде 10 ірі өнеркәсіптік зауыт кіреді. Бүгінде «Қазақстан инжиниринг» әскери мақсаттағы әртүрлі өнім шығарады. Сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу және жаңғырту бойынша бірқатар сервистік қызмет көр­сетеді. Отандық қорғаныс кәсіп­орындары кемелер, бірегей жа­уынгерлік машиналар, тікұшақтар, оптикалық аспаптар, байланыс және радиолокациялық барлау құ­ралдарын, дүркіндетіп ату жүйесін және біздің әскерді қаруландыруға қабылданған көптеген қару-жарақ түрлерін шығарады. Біздің кәсіп­орындар өндірген әскери өнім­дердің экспорты бойынша бірқатар жұмыс жүргізілуде. Мәселен, элек­трондық-оптикалық өнім өндіруге маманданған «КAE» ЖШС зауыты кез келген ауа райы жағдайында тәулік бойы қолданылатын жылу визиондық көздеуіштердің Түр­кияға алғашқы жеткізілімін жүзеге асырды.
Алматы облысында «Нұр» координаттық радиолокациялық стансаларын жасайтын бірлескен қазақстан-француз кәсіпорны ашыл­ды. Әуе кеңістігін бақылау үшін пайдаланылатын бұл станса – тактикалық-техникалық сипат­тамалары бойынша әлемдегі үз­діктердің бірі. Орта Азия бо­йынша осы салада қолға алынған алғашқы жоба. Оның үстіне бұл жобаға қажет барлық тораптар, агрегаттар, байланыс құралдары және арнайы автокөлік техникасы республи­каның аумағында шығарылатын болады.
Бұдан өзге, Оралдағы «Зенит» зауытының мамандары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне арналған жылдам жү­зетін катерді суға түсірді. Осымен 27-катерін өндіріске жіберген зауыт мамандары бұл су көлігі шекарашыларға республиканың теңіз шекарасын бұзушылармен және браконьерлермен күресті неғұрлым тиімді жүргізуге мүм­кіндік беретінін айтты. Осы тектес жаңа құрылғылар еліміздің Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай елордада ұйымдас­тырылған шеруде көрсетілді.
Отандық қорғаныс саласы еліміздегі арнайы әскери-теңіз техникасы мен құрылғыларын, оның ішінде мина тралдар, бай­ланыс, автоматика мен телемеха­никаның түрлі құралдарын, атуға арналған қару-жарақтар мен полигон жабдықтарын, жеке қорғаныс құралдарын өндіруді де жолға қойған. Мәселен, «Семей инжиниринг» АҚ зауытында сауытты танк техникаларын, оның ішінде Т-72 танкі, БМП-1 және 2, БТР-70 жөндеу және қайта қал­пына келтіру қызметін көрсетеді. «КАЕ» ЖШС электронды-оптика­лық жүйелер бөлігінде сауытты техникаға, сондай-ақ авионика бөлігінде әуе кемелеріне жөндеу жүргізеді. Петропавл ауыр машина жасау зауыты «Град», «Смерч» дүркіндетіп атудың реактивтік жүйелерін және ЗУ-23-2 зениттік қондырғысын жөндеу жұмыстарын жүргізеді. «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» бірлескен кәсіпорны сервистік қызмет көрсетумен және ЕС-145 тікұшақтарын жөндеумен айналысып, қосалқы бөлшектерді жеткізуді жүзеге асырады. Сондай-ақ ұшқыштар мен техникалық мамандарды оқытады. Авиация техникаларын жөндеуге маман­данған «Қазақстан авиация индус­триясы» кәсіпорны С-295 және «Ан» ұшақтарына техникалық қызмет көрсетеді. Айта кетейік, 19 шілдеде өткен XIII ХАҒС – 2017 халықаралық авиация-ғарыш шарасы аясында «Қазақстан ин­жиниринг» ҰК» АҚ пен «МиГ Ресей ұшақ жасау корпорациясы» АҚ арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Бұл құжат «МиГ-35» көпсалалы ұшағын бір­лесіп жетілдіруді және Қазақстанда «МиГ» маркалы ұшақтардың жеке­леген тораптары мен агрегаттарын шығаруды көздейді. Осылайша, Қазақстанда «МиГ» РСК» шығар­ған ұшақтарға қызмет көрсететін толыққанды сервис орталығы құ­рылады. Ресей мамандары қазақ­стандық қызметкерлер арасынан бейінді инженерлік-техникалық құрамды дайындамақ. Бұл келісім Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара тиімді әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге, қа­зақ­стандық авиациялық индус­трияны одан әрі дамытуға ба­ғытталған.
Экспорттық саясатты ойда­ғыдай жүргізу мақсатында еліміздің геосаяси жағдайы мен көлік-логистикалық маршруттарын ес­кере отырып, отандық ҚӨК өнім­дерін таяу және алыс шетелдерге шығару бойынша бірқатар жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта Біріккен Араб Әмірліктерінде еліміздің көлік жасау кәсіпорындарының хабын ашу жоспарлануда. Сондай-ақ отандық кәсіпорындардың Ресеймен мемлекеттік қорға­ныс­тық тапсырысына қатысуы ар­қылы ынтымақтастықты жан­дандыруы қолға алынуда. Орта Азия елде­рімен де әскери-техникалық ынтымақтастықты жандан­ды­руымыз қажет.
Шетелдерде отандық өнім­дер­дің тұсаукесерін, роуд-шоу өткізу мәселесі де жолға қойылды. Отан­дық қорғаныс саласының жетіс­тіктері Мәскеу қаласында өткен «Армия – 2017» халықаралық әс­кери-техникалық форум аясында көрсетілді.
Мемлекет басшысы «Қазақ­стан­ның үшінші жаңғыруы: Жа­һандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында мемлекеттің бірінші кезектегі басымдығы – экономи­каның жеделдетілген техноло­гия­лық жаңғыртылуы екенін ерекше атап өтті. Болашақта жоғары тех­нологиялы өндірістер құру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорын­дарды техникалық қайта жабдықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Ресейден сауытты танк техникасы мен құрышталған автокөліктерді күрделі жөндеу мен жаңғыртудың толық циклын игеру үшін қазақ­стандық «Семей инжиниринг» АҚ зауытына технологиялық жаб­дықтар мен құжаттамаларды жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. «Вертолеты России» АҚ әскери мақсаттағы Ми – 17 тік­ұшақтарын жөндеуді ұйымдастыру үшін №405 қазақстандық авиа­жөндеу зауыты кәсіпорнын қосымша жабдықтауға техникалық көмек көрсетеді.
Петропавлдағы С.Киров атын­дағы зауытта көпқатпарлы платтар мен интегралдық схемалар шы­ғаруды ұйымдастыру бойынша жоба іске асырылуда. Бұл жоба ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында өндірісті дамыту деңгейін арттыруға, әлем­дік деңгейдегі электрондық өнім жасауға, сондай-ақ технологиялық тәуелсіздік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Көкшетаудағы «Тыныс» зауыты қабырғаларының қалыңдығы 0,8 мм болатын күрделі конфигурация бұйымдарын құюға мүмкіндік беретін құймалар шығаруды бас­тау­ды жоспарлап отыр. Бұл техно­логия көлік жасау салаларында, аспап және тағы басқа қару-жарақ жасау кезінде қажет. Келешекте осындай құймалар технологиясы еліміздің аумағында атыс қаруын, қосалқы бөлшектер және Қор­ғаныс министрлігінің басқа да қару-жарақтарын жасауға, рес­пуб­ликаның экономикасын дамыту үшін, оның ішінде осындай өнімге қызығушылық білдіретін шетелдік әріптестер үшін жаңа өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, биыл Қарағандыда «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында қазақ­стан­дық патрон зауытының құрылысы аяқталады. Осы жобаны іске асы­рушы «Қазтехнология» АҚ қазірдің өзінде кәсіпорынның өнімін шет­елге жеткізу мүмкіндігін зерт­теуде. Бұл зауыттың іске қосылуы – елі­міздің атыс қару-жарақтарын өн­діруші мемлекеттердің қатарына енуіне мүмкіндік бермек.
Биыл Астанада авиация техни­каларын құрастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бо­йын­ша сервис орталығы құрылды. Бұл жобаны іске асыру нәтиже­сінде, республиканың авиатехни­калық қызмет көрсету мәселелері бо­йынша басқа елдерге тәуелділігі тө­мендейді, елімізде авиация сала­сының ұшқыштары мен техни­калық инженерлерінің біліктілігі артады.
Тәуелсіздік жылдары еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуда едәуір серпіліс жасалды. Алдағы уақытта, бірқатар міндеттер мен жобаларды жүзеге асыруымыз қажет. Өйткені заманауи әскери техниканы жасау және жөндеу, ең алдымен, елдің қорғаныс қабілетін, өзін сыртқы қауіп-қатерден қорғау қабілетін қамтамасыз етуге және одан әрі экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Әсет ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

Айқын
14.10.2017