СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • VI Халықаралық «KADEX -2020» қару-жарақ және техно...

    17.01.2020 16:10:00

    2020 жылғы 28-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында VI Халықаралық «KADEX -2020» қару-ж...

    Толығырақ...
  • Президенттің кадрлық резерві іс жүзінде...

    17.01.2020 11:24:00

    Еске сала кетейік, мұқият іріктеуден кейін 300 қазақстандық жас Президенттік кадрлық резер...

    Толығырақ...
  • Қазақстанда алғаш рет мүмкіндігі шектеулі адамдарғ...

    24.12.2019 15:19:00

    «Қазақстан инжиниринг» ҰК-ның еншілес кәсіпорны «Тыныс» зауыты мүмкіндігі шектеулі жандарғ...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Экология және еңбекті қорғау

Компания тобының кәсіпорындары қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтерін өзінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады және өз қызметінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту бойынша шараларға бірінші кезекте назар аударады.

Компания тобының кәсіпорнының аймақтың тұрақты дамуына қосқан үлесі табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтаумен қамтамасыз етеді.

Қазакстан Республикасының табиғатты қорғау жөніндегі қолданыстағы заңнамасына сәйкес Компания тобының кәсіпорындары қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар алды.

Компания тобының кәсіпорындарымен шекті жол берілетін қалдықтардың нормативтерінің қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық органдарымен әзірленді және келісілді. Бұлардың мерзімдері өткен соң жаңа нормативтер әзірленеді.

Компания қоршаған ортаға барынша құнтты қарым-қатынас жасау қағидаларын сақтауға және қоршаған ортаға теріс әсерлердің алдын алуға әсер ететін табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ұмтылады, қоршаған ортаның жағдайы ушін жоғары жауапкершілікке бағытталған бастамаларды қолданады, экологиялық таза және энергия үнемдейтін технологияларды дамыту мен таратуға көмек береді, экологиялық ақпаратты ашық айту мен экологиялық мониторинг жүргізуге ықпал етеді.

Экологиялық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:

- Қоршаған ортаға ұқыпты қарым-қатынас жасау;

- Өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау саласындағы нормалар мен стандарттарды сақтау;

- Қызметтің  энергиялық  тиімділігін арттыру;

- Есептілік  жуйесін енгізу болып табылады.

Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, жарақаттануды төмендету, жұмыскерлердің және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту, зиянды және жағымсыз факторлардың әсерiн төмендету бойынша тұрақты жұмыс жургізіліп отырады.

Жұмыс өндiрiсiмен байланысты жазатайым оқиғаларды ескерту мақсатында Компания тобында кіріспе, жоспарлық, кезектен тыс және жоспардан тыс нұсқаулықтар жүргізілді.

Компания өндірістегі еңбек қауіпсіздігін арттыру бойынша жуйелi шаралар өткізіп тұрады.

Компанияның еншiлес ұйымдары ,өздерiне алған міндеттемелерін орындайды, соның iшiнде мыналар бойынша:

- Күз-қыс мезгiлiнде жұмыс орындарында қажетті температураны қамтамасыз ету;

- ОТ және ТҚ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;

- Жұмыс орындарының жеткiлiктi жарықтануын қамтамасыз ету;

- Өндірістік жарақат алу себептеріне талдау жасау және оның алдын алу бойынша шаралар қолдану;

- Алдын алу медициналық қарауды өткізу;

- Жұмыскерлерге арнайы киiм, аяк киім, жеке қорғаныс құралдарын беру;

- Жұмыскерлердің денсаулығына және өмiрiне олардың еңбек мiндеттемелерiн орындау кезінде келтірілген зиян ушiн жауапкершілікті сақтандыру;

- Еңбек қорғау талаптарын сақтауды тұрақты бақылау;

- Зауыт жұмыскерлерiне шұғыл көмек көрсету үшін қажеттi медикаменттермен цехтар, медпункттерді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының «Жұмыскердi оның еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңының талаптарына сәйкес жұмыскер өмірі мен денсаулығына оның еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындауы кезiнде келтiрiлген шығын үшiн жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру жүзеге асырылады.