СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері бір кү...

    26.06.2019

    Осы күндері қазақстандықтардың жүрегі Арыс тұрғындарымен бірге соғып тұр. Еліміздің түкпір...

    Толығырақ...
  • Қуаныш Бишімов «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқа...

    14.06.2019 17:44:00

    «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қуаныш Ердәул...

    Толығырақ...
  • Бітімгерлік технологияларындағы әріптестік жөнінде...

    30.05.2019 16:11:00

    "Made in Kazakhstan" лейблімен көрмеге қойылған әскери техника мен қару-жарақ симпозиумға ...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Вознаграждения членов совета Директоров и Правления

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІНІҢ СЫЙАҚЫСЫ

Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу 
 
Тәуелсіз директорларды қоспағанда, Директорлар кеңесінің мүшелері өз қызметін тегін жүзеге асырады. Тәуелсіз директорларға берілетін сыйақы мөлшері Сенімді басқарушының бұйрығымен белгіленеді.
Тәуелсіз директорларға «Самұрық Қазына» АҚ Компаниясының тәуелсіз директорларына сыйақы мен өтемақы төлеу Ережесіне сәйкес келесідей сыйақылар төленеді:
1) Белгіленген сыйақы;
2) Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына  қатысқаны үшін қосымша сыйақы, сондай-ақ Компанияның Директорлар кеңесі төрағасының  және /немесе Қор Басқармасы төрағасының, Компания Басқармасы төрағасының басшылық етуімен өткен мәжілістеріне қатысқаны үшін қосымша сыйықы;
2014 жылы Директорлар кеңесі кезінде Комитеттің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін Компанияның тәуелсіз директорларына сыйақы төлеу, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу жүргізілген емес..
 
Компанияның  Басқарма мүшелеріне сыйақы беру
 
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы қызметкерлерінің, Ішкі аудит қызметі басшысының және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау және сыйақы беру ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі шешімімен (№17/13 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» АҚ жетекші және басқарушы қызметкерлердің, Ішкі аудит қызметінің басшылары мен Корпоративтік хатшылардың қызметін бағалау және сыйақы беру саяса-тына сәйкес әзірленген және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ аталған қызметкерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру шарттары мен тәртібін айқындайды. 
Басқарушы қызметкерлердің қызмет тиімділігін бағалау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады: 
  • уәждемелік ҚБК таңдау, мақсатты мәндерін айқындау; 
  • уәждемелік ҚБК бекіту; 
  • нәтижелілік мониторингі; 
  • нақты нәтижелілікті есептеу және бекіту. 

Басқарушы қызметкерлер үшін уәждемелік ҚБК (ҚБК карталарын) Компанияның Ди-ректорлар кеңесінің Тағайындаулар мен сыйақылар комитеті әзірлейді, олармен ҚБК санының (3-7) оңтайлылық, нысаналы мәндерінің салмағы мен барабарлығын орын-ор-нына қою нысанына бағаланады және белгіленген тәртіппен жауапты бөлімше есепті жылдың 31 наурызынан кешіктірмей Компанияның Директорлар кеңесінің бекітуіне ұсынады. 
Қызмет нәтижелері бойынша сыйақы (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сыйақылар) қол жеткізілген жетістіктер мен жұмыс тиімділігін арттыру үшін материалдық көтермелеу мақсатында жұмыс нәтижелеріне қарай төленеді, тұрақты сипатта емес және орташа жалақыны есептеу кезінде есепке алынбайды. 
Компанияның Директорлар кеңесі Компанияның Директорлар кеңесі Тағайындаулар мен сыйақылар комитетінің ұсыныстарына сәйкес қызмет нәтижелері бойынша сыйақы төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы: 
1) Жекелеген корпоративтік ҚБК шекті мәндерінің орындалмауы; 
2) Функционалдық ҚБК орындаудың жиынтық нәтижелілігі - кем дегенде 50% (қоса есептегенде). 
Сыйақы төлеу үшін жоспарланған соманы есепке ала отырып есептелген есепті жыл ішіндегі шоғырландырылған жиынтық пайданың болуы жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеудің негізгі шарты болып табылады. 
Жыл ішіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алу құқығына есепті кезеңде іс жүзінде кем дегенде 5 (бес) ай жұмыс істеген қызметкерлер, есепті жылда бекітілген ҚБК орындау қорытындылары бойынша, сондай-ақ олар үшін есепті жылдың 1 тамы¬зына дейін ҚБК карталары бекітілген жаңадан қабылданған қызметкерлер ие болады.
2014 жылғы 18 шілдедегі (№8 хаттама) Компанияның Директорлар кеңесінің мәжілісінде 2014 жылға Компанияның Басқарма  төрағасы мен мүшелерінің ҚБК картасы   бекітілді.
2014 жылғы 28 қазандағы (№10 хаттама) Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен 2013 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша  Компанияның Басқарма төрағасы мен  мүшелеріне сыйақы беру туралы шешім қабылданды.