СОНҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

  • Асқар Жұмағалиев ҚАӨМ қызметінің негізгі басымдықт...

    14.02.2019

    Бүгін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде (ҚР ҚАӨМ) алқа отырысы өтті, он...

    Толығырақ...
  • Асқар Жұмағалиев Астана, Алматы қалаларындағы қорғ...

    08.02.2019

    ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Ж...

    Толығырақ...
  • Қазақстандық шынжыр табанды көліктер экспортқа шығ...

    07.02.2019 17:35:00

    «Семей машина жасау зауыты» («Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) шынжыр т...

    Толығырақ...
Барлық жаңалықтар

Ключевые события по корпоративному развитию

БАСТЫ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР

Даму жоспары мен Даму стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде  2014 жылғы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ -ның басты оқиғалары мен жетістіктері


1. 2014 жылдың 22-25 мамырында Компания және Компания топтарының ұйымдары 27 елден 300 қорғаныс кәсіпорындарының қатысуымен өткен үшінші Халықаралық «KADEX-2014»  қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысты.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы №5 бұйрығымен Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Калугин Олег Анатольевичтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы №104 бұйрығымен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, тәуелсіз директорлар Казеев Евгений Иванович пен Аубакиров Қаныш Қайдарұлының өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, сондай-ақ тәуелсіз директорлар болып Байсеитов Бахытбек Рымбекұлы, Ракишев Кеңес Хамитұлы, Махат Рашит Мұқарамұлы сайланды.

4. 2014 жылғы 17 наурыздағы Директорлар кеңесінің шешімімен (№5 хаттама)  Басқарма төрағасының орынбасары Сарсембаев Әділбек Зейноллаұлының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып Оспанов Марат Ақынұлы сайланды.

5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 31 наурыздағы  №130 бұйрығымен  Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Дүтбаев Нартай Нұртайұлының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

6. 2014 жылғы сәуірде республикалық бюджет қаражатынан 9,375 млрд.теңге сомаға Компанияны капиталдандыру жүргізілді, нәтижесінде Компанияда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасында екінші акционер (43,65 %)  құрылды.

Кейіннен, 2014 жылғы желтоқсанда  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне тиесілі Компания акциясының мемлекеттік пакеті  қосымша келісімге қол қою жолымен  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне Сенімгерлік басқаруға  кейіннен тапсырумен Қорға берілді.

7. 2014 жылы қарашада Астана қ. Есіл ауданының еңбек жөніндегі инспекциясында тіркелген  2014-2016 жылдарға Компания мен жұмыс беруші арасында жасалған ұжымдық шартқа қол қойылды

8. 2014 жылғы 28 шілдеде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында (№1 хаттама) 2013 жылға  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ аудиторлық жылдық қаржылай есебі және 2013 жылдың қорытындысы бойынша таза пайданы бөлу тәртібі  бекітілді.

9. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің  шешімімен 2014 жылғы 29 тамыздағы (№9 хаттама) Басқарма төрағасының орынбасарлары Оспанов Марат Ақынұлының және Тілебалдинов Қайрат Рахатұлының өкілеттілігі басқа жұмысқа ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Ыдырысов Ерлан Сапарғалиұлы мен Қапаков Айбек  Әмірбекұлы тағайындалды.

10. 2014 жылғы 10 қыркүйекте «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның  Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі ( Директорлар кеңесінің Төрағасы)  Әбдірайым Бақытжан Жарылқасынұлының өкілеттілігі Қазақстан Республикасының Заң министрлігіне жұмысқа ауысуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды, сондай-ақ Директорлар кеңесінің Төрағасы болмаған уақытта «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілістерінде төрағалық етуге Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы сайланды.

11. 2014 жылғы 10 қыркүйекте «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында (№2 хаттама) Компанияның 2013 жылға Жылдық есебі бекітілді.

12. 2014 жылғы 19 қарашадағы  (№11 хаттама) «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен  Компанияның Басқарма төрағасы Смағұлов Болат Советұлының өкілеттілігі және онымен жасалған еңбек қатынастары 2014 жылдың 19 қарашасынан бастап өз еркімен өтініш беруіне байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Бұл шешіммен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бижанов Димаш Нұрахметұлы 2014 жылдың 20 қарашасынан бастап Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ -дағы 2013 жылғы басты оқиғалар

2014 жылғы 13 наурыздағы № 104 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен, сондай-ақ 2014 жылғы 31 наурыздағы №130 Қазақстан Республикасы министрінің бұйрығымен Компанияның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры Н.Н.Дүтбаевтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және  Директорлар кеңесінің құрамы 9 адамнан 8 адамға өзгерді.

2014 жылғы 17 наурыздағы (№5 хаттама) «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ –ның Директорлар кеңесімен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның корпоративтік жанжалдарын және мүдделер жанжалдарын реттеу жөніндегі саясат бекітілді.

2014 жылғы 17 наурыздағы (№5 хаттама) «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның  Директорлар кеңесімен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді, сондай-ақ  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма құрамы да өзгерді.

2014 жылғы 17 наурыздағы (№5 хаттама) «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның Директорлар кеңесімен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ  ЕТҰ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына және 2013 жылғы 12 желтоқсандағы №1329  «Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы», «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 026 «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арқылы бағдарламаның әкімшісі ретінде 2014 жылы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның (бұдан әрі - Компания) жарғылық капиталы 9 375 000 мың теңгеге өсті.

Компанияның жарғылық капиталының өсуінің нәтижесінде 9 375 000 ( тоғыз миллион үш жүз жетпіс бес мың) дана (43,65%) Компанияның қарапайым акцияларын меншіктенушісі болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тіркелді.

Дегенмен, Қор 12 101 802 (он екі  миллион жүз бір мың сегіз жүз екі) дана (56,35%) Компанияның қарапайым акциялары тіркелген меншіктенуші болып табылады.

1. 2013 жылы инвесторлар тарапынан 2 реттен аса сұраныс кезінде шығару көлемін арттыратын халықаралық және қазақстандық капитал нарығында 200 млн. долл. сомасына жылдық 4,55% -бен Евробондылар орналастырылған. Айтарлықтай қызығушылықты PNB Paribas, PioneerInvestments, Nоmura, UBS сияқты ірі ұлтаралық инвестициялық және банкілік институтар танытты.

2. Компания өзінің ұзақ мерзімді стратегиясы шеңберінде жаңа технологияларды өндірістік үдерістерге  енгізеді және активтерді жаңартады. Компаниямен халықаралық «Eurocopter» (Франция, Германия), «Aselsan» (Турция), «Indra» (Испания)  ірі БК құрылды.

3. 2013 жылғы желтоқсанда Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен түрік Aselsan компаниясымен ҚР аумағында электрондық-оптикалық аспаптарды өндіру бойынша зауыттың ашылуы болды.

4. «FitchRatings» ұлттық және шетел валютасында «BBB-» және «BBB» деңгейінде Компанияға ұзақ мерзімді  («РДЭ») эмитет рейтингісін берді  тиісінше ( болжам-тұрақты).

5. «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС тәуелсіз консалтингтік фирмасымен Қордың тапсырмасымен Компанияның корпоративтік басқармасының  диагностикасы жүргізілді.

Компанияның корпоративтік басқарма деңгейінің үздік әлемдік тәжірибе талаптарына сәйкестік рейтингі  62,2% құрады, ол кезде жоспарланған көрсеткіш 55%  құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда Компанияның корпоративтік басқару деңгейі 18%  өсті, яғни, ол  Қор топтарының Компаниялары арасында ең жоғары динамиканы көрсетті.