Күте тұрыңыз

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ ТУРАЛЫ

Компанияның Директорлар кеңесінің жанында 3 комитет жұмыс істейді: Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті, Директорлар кеңесінің тағайындаулар жөніндегі комитеті және Директорлар кеңесінің стратегия және инвестиция жөніндегі комитет.
 

Аудит жөніндегі Комитет:

Комитет Төрағасы - Ларионов Дмитрий Владимирович

Комитет Мүшесі - Исенжулов Ержан Бақытұлы

Комитет Мүшесі - Жакенов Серікжан Әміржанұлы

Комитетінің Сарапшысы - Жаров Андрей Николаевич

Комитетінің Сарапшысы - Жексенбек Мұхтаржан Жүнісбекұлы

 

Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитет:

Комитет Төрағасы - Исенжулов Ержан Бақытұлы

Комитет Мүшесі - Ларионов Дмитрий Владимирович

Комитет Мүшесі - Жакенов Серікжан Әміржанұлы

Комитетінің Сарапшысы - Тайгамбаев Тимур Толегенович

 

Стратегия жөніндегі Комитет және инвестициялар:

Комитет Төрағасы - Жакенов Серікжан Әміржанұлы

Комитет Мүшесі - Ларионов Дмитрий Владимирович

Комитет Мүшесі - Исенжулов Ержан Бақытұлы

Комитетінің Сарапшысы - Елжас Отыншиев Мұратұлы

 
Аудит жөніндегі комитет ережесі 2012 жылғы 9 сәуірдегі (№82 хаттама) Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді. Аудит жөніндегі комитет 3 адамнан тұрады -2 Тәуелсіз директор мен сарапшы.
2014 жылы  Аудит жөніндегі комитеттің 10 отырысы өтті (3 сырттай отырыс, 7  күндізгі отырыс), барлығы 29 сұрақ  қарастырылды.
Аудит жөніндегі комитет отырыстарында  Ішкі аудит қызметінің есебін мақұлдау, аудиторлық ұйым қызметінің төлемақы мөлшерін анықтау және аудиторлық ұйымның есебін тыңдау, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі және Комитет құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша ішкі құжаттарды мақұлдау сияқты мәселелер қарастырылды.
 
Тағайындаулар жөніндегі комитет ережесі 2012 жылғы 4 шілдедегі (№86 хаттама) Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді. Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет 3 адамнан тұрады- 2 Тәуелсіз директор мен сарапшы.
2014 жылы  Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің 7 отырысы өтті. (2 сырттай отырыс, 5 күндізгі отырыс), барлығы 22  сұрақ қарастырылды.
Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет отырыстарында  Компанияның басқарушы жұмыскерлер қызметінің басты көрсеткіштер картасын мақұлдау, Компания Басқармасының мүшелеріне сыйақы төлеу бойынша ұсыныстар жасау, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ  еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесі мүшелерін жаңа құрамда сайлау бойынша ұсыныстар жасау сияқты және олардың өкілеттіліктерінің мерзімдерін анықтау туралы, «Қазақстан инжиниринг» ҰК»АҚ басқарушы жұмыскерлеріне сыйақы беру және қызметтерін бағалау ережесін алдын ала мақұлдау туралы және Компания құзыретіне жататын басқа да сұрақтар қарастырылды.
 
Стратегия және инвестиция жөніндегі комитет ережесі 2013  жылғы 31 мамырдағы (№5 хаттама) Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді. Стратегия және инвестиция жөніндегі комитет 3 адамнан тұрады – 2 Тәуелсіз директор және сарапшы.
2014 жылы Стратегия және инвестиция жөніндегі комитеттің  күндізгі нысанда 2 отырысы өтті, барлығы 5 сұрақ  қарастырылды.
Стратегия және инвестиция жөніндегі комитет отырыстарында  2013-2022 жылдар аралығына Компанияның Даму стратегиясын түзетуді мақұлдау, 2013-2022 жылдарға Компания активтерін қайта қарау Жоспарын мақұлдау, Компания активтерін басқару мәселелері мен Қомпания құзыретіне жататын басқа да сұрақтар қарастырылды.