Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Депутаттар қорғаныс өнеркәсібіндегі жағдаймен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары елорданың қорғаныс кәсіпорындарын аралады, сондай-ақ «Kazakhstan Aselsan Engineering» ЖШС-де ұйымдастырылған көрме барысында отандық ҚӨК шығаратын өнімдермен танысты.

Қазақстан-түрік зауытының көрме залында «Зенит» АҚ, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, «Семей Инжиниринг» АҚ, «Steel Manufacturing» ЖШС, «811 автожөндеу зауыты» АҚ және басқа да бірқатар кәсіпорындар өз әзірлемелері мен өнімдерін көрсетті. «R&D орталығы Қазақстан Инжиниринг» ЖШС әзірлемесі болып табылатын барлау дрондары үлкен қызығушылық тудырды. Көрме Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, депутаттар «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС және «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС кәсіпорындарына барды.

Көрмені өткізу барысында «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жай-күйі туралы өзекті ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ сала проблемаларын жүйелі шешу үшін бірқатар бастамалар ұсынды. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңына түзетулерді «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ барлық өндірістік кәсіпорындары белсенді қатысқан ҚӨК жұмыс тобы ұсынған болатын. Құжат қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.

Кері қайту