Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Airbus-пен ынтымақтастық

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасында авиацияны дамытуға үлкен көңіл бөледі. Компания құрамында екі сертификатталған сервистік орталық бар: Airbus Helicopters шығарған тікұшақтарды құрастыру және оларға қызмет көрсету жөніндегі «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС, сондай-ақ С295М, Ан-72, Ан-74 ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын «Қазақстандық Авиациялық Индустрия» ЖШС.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ аэрокосмостық өнеркәсіптің ірі еуропалық корпорациясы – Airbus-пен белсенді ынтымақтастық жүргізуде. Airbus-пен іскерлік байланыстарды арттыру авиациялық техниканы өндірудің, сервистік қызмет көрсетудің, жөндеудің және күрделі жөндеудің әртүрлі бағыттары бойынша кәсіпорындарда қызметтің жаңа технологиялық түрлерін игеруге мүмкіндік береді. «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ бірінші басшысының Airbus басшылығымен жұмыс сапары барысында ағымдағы мәселелер, сондай-ақ ынтымақтастықты кеңейту және авиациялық кластерді дамыту саласындағы жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Кері қайту