Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Тактикалық мақсаттағы басқарудың автоматтандырылған жүйелері ҚР Қарулы күштерінің қызметін жақсартуға мүмкіндік береді

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ өзара ынтымақтастық шеңберінде Elbit Systems (Израиль) компаниясының өкілдері ҚР Қорғаныс министрінің цифрландыру мәселелері жөніндегі орынбасары Дархан Мейрамұлы Ахмедиевпен, сондай-ақ ҚР ҚМ бейінді департаменттерінің басшыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында тактикалық мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелері, сондай-ақ соңғы буындағы әскери байланыс құралдары саласындағы заманауи шешімдердің тұсаукесері өткізілді. Сонымен қатар, ұсынылған шешімдерді ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бөлімшелеріне енгізу бойынша бірлескен жұмыс жоспары белгіленді. Жоғарыда аталған өнімдерді табысты іске асыру және енгізу қазақстандық Қарулы Күштерге уақыт талабына сай болуға және еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болуға мүмкіндік береді.

«Elbit Systems компаниясының бірқатар елдерде әскерлермен, қарумен және ресурстармен АБЖ құру тәжірибесін ескере отырып, қолда бар әзірлемелерді ҚР ҚК басқару жүйесінің қажеттіліктеріне бейімдеуді негіздеу әдіснамасына ғылыми негізделген тәсілдердің қажеттілігі мен маңыздылығын түсіне отырып, біздің компания ҚР ҚМ қызығушылық танытқан жағдайда бірлескен жұмысқа кірісуге дайын. Бұл бағыттағы жұмыс перспективалы, қажет, қызықты және біздің армиямыздың жауынгерлік қабілеттілігі мен жауынгерлік дайындығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми және экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймын», - деп хабарлайды «Қазақстан инжиниринг «R&D орталығы» ЖШС Бас директоры Байсеитов Ғани Нұралиұлы.

Кері қайту