Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның мемлекеттік органдармен және бизнес саласының өкілдерімен өзара іс-қимылы.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ республиканың ірі әскери кәсіпорындарында бірыңғай қаржылық, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз ететін холдингтік құрылым болып табылады. Компанияның жалғыз акционері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына келесі өндірістік кәсіпорындар кіреді: «Тыныс» АҚ, «Орал зауыты «Зенит» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Семей инжиниринг» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС, «Қазтехнологиялар» АҚ, «Steel Manufacturing» ЖШС, «Мұнаймаш» АҚ, «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ, «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС, «ҒЗИ «Гидроприбор» АҚ, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС, «R&D орталығы Қазақстан Инжиниринг», «КазИнж Электроникс» ЖШС.

Компания қызметін стратегиялық жоспарлау мемлекеттік органдардың қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін ескере отырып, сондай-ақ жоғары деңгейдегі мемлекеттік жоспарлау құжаттарын, атап айтқанда Қазақстанның даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын және басқа да маңызды құжаттарды ескере отырып ұйымдастырылған. Компанияның стратегиялық дамуының негізгі бағыттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 969 қаулысымен бекітілген компанияның 2020-2029 жылдарға арналған даму жоспарында баяндалған. Компания өз қызметін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің саясатына сәйкес жүзеге асырады, сонымен қатар ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және басқа да құрылымдар сияқты мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастық жүргізеді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құзыреттер орталығы мен «Шебер мұра» корпоративтік қорының құрушысы әрі идеялық шабыттандырушысы бола отырып, қорғаныс өнеркәсібін, машина жасауды, инновацияларды, технологияларды дамыту саласындағы қызметті жүзеге асырады. Компания «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ, ҚР Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығымен, «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-мен белсенді өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ азаматтық өнімдерді жеткізу шеңберінде «Қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындарды жеткізушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер бірлестігінің мүшесі болып табылады.

Кері қайту