Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Steel manufacturing» ЖШС директоры лауазымына Нугуманов Замир Бейбутович тағайындалды
<


Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 24 тамыздағы шешімімен Нугуманов Замир Бейбутович 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап "Steel manufacturing" ЖШС директоры лауазымына тағайындалды.

Нугуманов Замир Бейбутович 1984 жылы дүниеге келген, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Машиналардың динамикасы және беріктігі» мамандығы бойынша, Қарағанды экономикалық университетін «Қаржы кредит» мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу болат және қорытпалар институтының «МИСиС» ҒЗТУ-ды, «Тау-кен және көлік машиналарын жасау және реновациялау» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірген.

Өнеркәсіп және өндіріс саласында 12 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар: өздігінен жүретін техниканы жөндеу жөніндегі слесарь мен инженер-конструктордан «Maker (Мэйкер)» ЖШС - Қарағанды құю-машина жасау зауыты (ҚҚМЗ) техникалық бөлімінің бастығына дейін үлкен кәсіби жолдан өтті. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да өндірістік-техникалық блокта жауапты қызметтер атқарды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 08.07.2022 жылғы №456-к Бұйрығымен III дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталған.



Кері қайту