Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Баспасөз Анонсы «Авиациялық оқу орталығының ашық есік күні»

2022 жылғы 27 қыркүйек

Астана қ., «Жоламан» әуеайлағы

2022 жылғы 27 қыркүйекте «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Жоламан» әуеайлағы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, ҚР ҰҰА қауымдастығы және компанияның құзыреті орталығы сарапшыларының, авиация саласы кәсіпорындарының, сондай-ақ ҰҰА өндірушілері мен операторларының қатысуымен авиациялық оқу орталығының ашық есік күнін өткізуді жоспарлап отыр.

Іс-шараның тақырыбы: «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Авиациялық оқу орталығы: әлеуеті және даму перспективалары».

ҚР Үкіметінің 16.08.22 ж. №561 қаулысымен Орталық «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына берілді. Осыған байланысты, шақырылған қатысушылардың кең ауқымын орталықтың қызметімен, оның қызметінің мүмкіндіктерімен және негізгі бағыттарымен таныстыру мақсатында компания орталықтың ашық есік күнін ұйымдастырады.

Іс-шара барысында компания орталықты одан әрі дамытудың перспективалық бағыттары мәселелерін пысықтауды, сондай-ақ жаңа серіктестер мен инвесторларды тарту мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлап отыр.

Өткізу күні мен орны: 2022 жылғы 27 қыркүйек (сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін), Астана қаласы, «Жоламан» әуеайлағы.

Тіркелу үшін: d.yessimova@ke.kz, тел.: 87717000019

Кері қайту