Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ Грузияның «ТАМ» мемлекеттік авиация зауытымен іскерлік қарым-қатынас орнатты

«405 авиажөндеу зауыты» АҚ аумағында «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов «ТАМ» АҚ Бас директоры Михаил Оглишвилимен кездесті.

Тбилиси авиациялық зауыты («ТАМ» АҚ) 1941 жылы қазан айында г.Димитров атындағы № 31 Таганрог авиациялық зауытының, № 45 Севастополь авиациялық жөндеу зауытының және Тбилисиде салынып жатқан № 448 авиациялық қозғалтқыш зауытының негізінде құрылды. 2010 жылы зауыт Грузия Қорғаныс министрлігінің қарамағына өтті. Болашақта 31-ші зауыттың негізінде «Tbilisi Aircraft Manufacturing» құрылды, 2002 жылдан бастап оны жекешелендіру басталды. Кәсіпорын «TAM» JSC (Joint Stock Company «Tbilaviamsheni») деп аталды.

Бүгінгі таңда кәсіпорын ұшақтар мен тікұшақтарды жөндеумен және жаңартумен, авиатехника бөлшектерін өндірумен, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жеңіл азаматтық ұшақтарды жасаумен айналысады. Қазіргі уақытта зауыт МиГ-21 және Су-25 ұшақтарын, сондай-ақ Ми-8, Ми-17 және Ми-24 тікұшақтарын жөндеу және жаңарту мүмкіндігін сақтайды.

Қазіргі уақытта компания және «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік орнатуға мүдделі.

Кері қайту