Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстандық Jinalys Room жүйесі

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және еншілес ұйымдар бейнеконференцбайланыс жүргізу үшін күнделікті операциялық жұмыста Jinalys Room атты қазақстандық онлайн-жүйені пайдалана бастады.

Біз отандық әзірлеушілер жасаған осы жүйеге толығымен қанағаттанамыз. Жүйені пайдалану оңай, интерфейсі түсінікті және ыңғайлы. Бұл жүйені таңдаудың маңызды факторы - бұл жүйенің серверлері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан. Жүйені Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясы Жоғары мектебінің  қызметкерлері әзірледі.

Барлық қазақстандық ұйымдарда отандық әзірлемелерді пайдалануға, қазақстандық әзірлеушілер мен қазақстандық экономиканы қолдауға шақырамыз.

Серіктестік және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша:

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Жоғары мектебі Вице-президенті Мұхтар Болатханға жүгінуді ұсынамыз.

тел: 8 701 888 94 20;

Электрондық пошта: mukhtar.bolatkhan@gmail.com;

www.jinalysroom.kz 

Кері қайту