2026 жылғы 20 - 21 ақпанда Астана IT университетінде AITU KazRoboDrone 3.0 Халықаралық дрондармен жарысу және ұшақтарды модельдеу байқауының финалы өтті.
Ең мықты 125 қатысушы финалға өтті. Қазақстанның барлық аймақтарынан жеті жасар мектеп оқушыларынан бастап жоғары оқу орындарының студенттеріне дейін барлығы 1295 өтініш келіп түскен. Қатысушылардың географиялық және жас диапазоны елде ұшқышсыз технологиялар мен инженерлік шығармашылыққа қызығушылықтың қарқынды өсіп келе жатқанын тағы да растады.
AITU KazRoboDrone 3.0 жай ғана бәсекелестік емес, жас қатысушылардың кәсіпке алғашқы қадамдарын жасауға, ал сала болашақтың дайын және ынталы мамандарын әзірлеуге мүмкіндік беретін жаңадан дамып келе жатқан технологиялық экожүйенің бір бөлігіне айналды.
Байқау екі номинация бойынша өтті:
- Drone Racing (симулятор және мини-FPV) – Junior, Senior және Open санаттары;
- F1N ұшақтарды модельдеу (7-12 жас).
Жарыс жеңімпаздары
Дрон жарысы (симулятор)
Junior:
1 орын – Муравьев Тимофей Сергеевич (Қарағанды қ.)
2 орын – Нысанбаев Әлихан (Орал қ.)
3 орын – Иманияз Арсен Жансенұлы (Ақтөбе қ.)
Senior:
1 орын – Қазымов Даниял Жәдігерұлы (Алматы қ.)
2 орын – Бақытқали Рауан (Орал қ.)
3 орын – Есетов Наурызбек (Орал қ.)
Open:
1 орын – Казеев Владислав Владимирович (Алматы қ.)
2 орын – Жұмахметов Айдын (Орал қ.)
3 орын – Цыгановский Егор Евгеньевич (Шығыс Қазақстан облысы)
Дрон жарысы (Miniwhoop)
Junior:
1 орын – Муравьев Тимофей Сергеевич (Қарағанды қ.)
2 орын - Нысанбаев Әлихан (Орал қ.)
3 орын – Оразалин Дамир (Алматы қ.)
Senior:
1 орын – Қазымов Даниял Жәдігерұлы
2 орын – Есетов Наурызбек (Орал қ.)
3 орын – Кайбазаков Глеб Александрович (Қарағанды қ.)
Open:
1 орын – Казеев Владислав Владимирович (Алматы қ.)
2 орын – Трофимов Илья Борисович (Алматы қ.)
3 орын – Елтай Бекзат Жайдарбекұлы (Павлодар қ.)
Авиациялық модельдеу (F1N):
1 орын – Қайритден Әмір (Орал қ.)
2 орын – Феклистов Константин Русланович (Павлодар қ.)
3 орын – Нұрғалиев Сұлтанбек Нұрғазыұлы (Қызылорда қ.)
Байқау бірлескен ұйымдастырушы және бас демеуші «Қазақстан инжиниринг «R&D орталығы» ЖШС-нің қолдауымен және Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының қолдауымен өтуде.
«Қазақстан инжиниринг «R&D орталығы» ЖШС-ы инженерлік құзіреттілікті дамытуға қолдау көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу жүйесінің операторларын жүйелі түрде оқытатынын атап өту маңызды. Орталық 1 және 2 санаттағы ҰҰЖ операторларын оқыту бағдарламаларын әзірледі.
1-санат жеке пайдалануға арналған салмағы 25 кг-ға дейінгі ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) операторларын негізгі теориялық оқытуға бағытталған. 24 сағаттық курс барысында студенттер авиациялық заңнаманы, әуе кеңістігінің құрылымын, ұшуға рұқсат беру рәсімдерін және авиациялық қауіпсіздік негіздерін оқиды.
2-санат (MID рейтингі) салмағы 25 кг-ға дейінгі әртүрлі типтегі ҰҰЖ-ты кәсіби пайдалану бойынша теориялық және практикалық дайындықты қамтиды. Бағдарлама жүйенің жұмыс істеу принциптерін тереңдетіп зерттеуді және 48 сағаттық практикалық ұшу жаттығуларын, оның ішінде ұшу алдындағы процедуралар мен ұшу миссияларын қамтиды.
Оқыту Астана қаласы, Әуезов көшесі, 2 мекенжайында өтеді.
Байланыс: Жанат Ахметов (+7 777 614 27 19), Динара Әлиева (+7 702 505 70 09).
E-mail: akhmetov@rdke.kz