2026 жылы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөнінде Республикалық референдум өтеді. Бұл оқиға елдің құқықтық жүйесі мен мемлекеттік институттарының одан әрі даму бағыттары жөніндегі қоғамдық диалогтың маңызды кезеңіне айналады.
Алдағы референдум негізгі заңға енгізілетін жетінші түзету болмақ: бұған дейін Конституцияға өзгерістер 1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары енгізілген. 2022 жылы бүкілхалықтық дауыс беру арқылы 56 түзету қабылданды. Ағымдағы жоба тәуелсіздік тарихындағы ең ауқымды жоба болып табылады: ұсынылып отырған өзгерістер Конституция мәтінінің шамамен 84%-ын қамтиды және мазмұны жағынан мемлекеттік құрылыстың жаңартылған моделін қалыптастырады.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Ұлттық компания әрі қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің қатысушысы ретінде референдумды азаматтардың еркін білдірудің заңды әрі ашық тетігі деп қарастырады. Конституциялық өзгерістер мемлекеттік құрылымның негіздеріне, өкілеттіктердің бөлінуіне, билік органдарының жұмыс істеу қағидаттарына және қоғамдық мүдделер теңгеріміне қатысты болғандықтан, оларды бүкілхалықтық дауыс беру арқылы талқылау және қабылдау ерекше маңызға ие.
Қазіргі жағдайда құқықтық жүйенің тұрақтылығы қауіпсіздік, экономикалық даму және қоғамдық тұрақтылық мәселелерімен тікелей байланысты. Өнеркәсіптік және қорғаныс саласы үшін құқықтық нормалардың айқындығы мен болжамдылығы стратегиялық жоспарлау мен ұзақ мерзімді жобаларды іске асырудың маңызды факторы болып табылады.
Компания қолданыстағы құқықтық жүйеде көзделген шешім қабылдаудың демократиялық құралы ретінде референдум өткізуді қолдайды.