Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар: ашықтық және жауапкершілік курсы

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарын бекітті. Құжат «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына, сондай-ақ Компанияның ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен нормативтік құжаттарына сәйкес әзірленді.

Жоспар Компания қызметінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін көздейді.

Құжатта нақты қадамдар, оларды іске асыру мерзімдері және күтілетін нәтижелер айқындалған. Атап айтқанда, жыл ішінде ықтимал осалдықтарды уақтылы анықтау және тәуекелдерді барынша азайту үшін Компания қызметінің негізгі бағыттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Жоспар шеңберінде қызметкерлер үшін оқыту және ақпараттық іс-шаралар, сондай-ақ комплаенс-офицердің консультациялары көзделген. Бұдан басқа, құпия ақпараттандыру арналарының тиімді жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарды бекіту Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы заңнамасының талаптары тәуекелдерді талдаудан бастап нәтижелер туралы есепке дейінгі нақты іс-әрекеттерге айналуы үшін қажет.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарымен сайттың «Компанияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және комплаенс» бөлімінде танысуға болады.

Кері қайту