Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Республикалық референдум қарсаңында

2026 жылғы 12 наурызда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлерімен бірге «Әділ және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдерімен кездесуге қатысты.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары Павел Казанцев пен Марат Башимов, сондай-ақ профессор, саясаттану ғылымдарының докторы Венера Жексембекова қатысты. Кездесуге модераторлық еткен «АМАНАТ» партиясы Астана қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Мария Өтебаева.

Кездесу барысында Ұлттық коалиция өкілдері қатысушыларды жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және алдағы Республикалық референдумның маңыздылығы туралы хабардар етті.

Мемлекеттің іргелі құндылықтары – егемендік, тәуелсіздік және аумақтық тұтастықты сақтау, білім, ғылым, инновациялық және цифрлық технологияларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Компания қызметкерлері конституциялық реформаның нақты ережелері бойынша сұрақтар қойып, түсініктеме алды.

Кездесу соңында қатысушылар ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, мұндай талқылаулар ұсынылып отырған өзгерістер мен олардың елдің одан әрі дамуы үшін маңызын тереңірек түсінуге көмектесетінін баса айтты.

Кері қайту