Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазтехнологиялар» АҚ тәуелсіз директоры Ұлыбританияның Директорлар институтының Chartered Director мәртебесін алды

Президенттік жастар кадрлық резервінің 2019 жылғы мүшесі Айдана Әбішева Ұлыбританияның Директорлар Институтының (IoD) жоғары кәсіби біліктілігін алған Қазақстандағы алтыншы және ең жас маман – Chartered Director атанды.

Қазіргі уақытта ол ERG тобында қаржылық комплаенс жөніндегі басшының орынбасары қызметін атқарады, тәуелсіз директор және бірқатар ұйымдардың Директорлар кеңесінде, соның ішінде «Қазтехнологиялар» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Сонымен қатар, Айдана Әбішева Сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығының (ACCA) мүшесі және ұйымның Жаһандық директорлар кеңесінің консультативтік-кеңесші органы – ACCA халықаралық ассамблеясында Қазақстан атынан өкілдік етеді.

1903 жылы негізі қаланған Директорлар институты (IoD) Корольдік Хартия бойынша Chartered Director мәртебесін беруге құқығы бар әлемдегі жалғыз ұйым.

Бұл мәртебе IoD кәсіби сертификаттаудың Certificate және Diploma деңгейлерінен кейінгі соңғы кезеңі болып табылады және корпоративтік басқарудағы құзыреттіліктің ең жоғары деңгейін көрсетеді. Бұған дейін бұл мәртебеге Қазақстанда бес адам ғана ие болған.

Кері қайту