Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ПЗТМ» АҚ 65 жылдық мерейтойын атап өтуде

1961 жылғы 30 наурыз - алғашқы қарағанда қарапайым күн. Алайда дәл осы күні Қазақстанның солтүстігінде АПП-125 астық тиегіштерінің алғашқы тауарлық партиясы шығарылды. Осы сәттен бастап «Петропавл ауыр машина жасау зауытының» тарихы бастау алды.

65 жыл ішінде кәсіпорын алғашқы өндірістік қадамдардан бастап елдегі танымал машина жасау зауыттарының біріне дейінгі үлкен жолдан өтті. Бұл — үздіксіз еңбек, жаңа бағыттарды игеру, технологияларды енгізу және кәсіби мықты ұжым қалыптастыру жылдары.

«ПЗТМ» АҚ көптеген мамандар үшін жай ғана жұмыс орны емес, нағыз тәжірибе мектебіне айналды. Мұнда жас кадрлар еңбек жолын бастап, еңбек әулеттері қалыптасты, ал жинақталған тәжірибе бүгінгі күні де сұранысқа ие. Зауыттың кадрлар ұстаханасы ретіндегі беделі бүгінге дейін сақталып келеді.

Уақыт өте келе экономикалық жағдайлар мен өнеркәсіпке қойылатын талаптар өзгерді. Зауытқа, жалпы сала сияқты, жаңа жағдайларға бейімделуге тура келді. Соған қарамастан, кәсіпорын өндірістік әлеуетін, кәсіби құзыреттерін және ең бастысы — өз ұжымын сақтап қалуда.

Бүгінде «ПЗТМ» АҚ - бұл тек тарих қана емес, сонымен қатар болашақ дамудың берік негізі. Ондаған жылдар бойы жинақталған тәжірибе жаңа жобалар мен жетістіктерге жетудің маңызды ресурсы болып қала береді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорын ұжымын 65 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Холдинг зауыттың отандық машина жасауды дамытуға және елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайды.

Кері қайту